oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Жаңғырып келер жас толқын

«Жастар -  біздің болашағымыз» - деп  түсінікті айтылғын,  ол үшін жұмыс жасаудың мәні мен мағынасы болса.  Елімізге  қазіргі кезеңде  бойына ата-бабамыздың  ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған,  тәуелсіз елге жан аямай адал қызмет  ететін, ой-өрісі дамыған, алғыр, жүректі, сауатты, дені сау азамат  қажет. Онымен қоса, бүгінде өзекті  болып тұрған   дін мәселесі.

Дін- рухсыздық пен қанағатсыздықтың алдына қойылған ең берік қамалдардың бірі. Дін сайып келгенде,  адамның жан дүниесінің  тазалығы мен адамгершілігі туралы  сөз.  Хакім Абай «Құдайшылық – жүректе. Қалпыңды  таза сақта» деген екен.  Осы ретте, 27943 әскери бөлімде  Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Бас штаб бастығының  жас буындарды  әскери қызметке бейімдеу жөніндегі ұйымдастыру, тәрбие және психологиялық іс-шаралардың кешенді жоспарына сәйкес, экстремистік – деструктивтік және дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы іс-қимыл мәселелері  жөніндегі  бейнефильмдерді  көрсетумен экстремизм, терроризм, әлеуметтік және нәсілдік  алауыздықтың  көзқарастары мен идеяларын таратқаны үшін жауапкершілік туралы  ҚР  заңнамасын түсіндіру  бойынша құқық қорғау  органдарының өкілдерімен және  Шығыс Қазақстан болыстық  Дін  мәселелерін зерттеу орталығы,  Өскемен және Семей  Епархиясының Православ шіркеуі Епископының көмекшісімен,  ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша  Халифа Алтай мешітінің наиб имамының қатысуларымен «Дәстүрлі емес және радикалдық діни ағымдардың құрылымды бұзатын идеологиясының мәнін түсіндіру бойынша» басқосу өткізілді.  ШҚО Дін  мәселелерін зерттеу орталығының  бөлім меңгерушісі А.Сабалақова өз сөзінде елімізге қауіп төндіретін деструктивті діни ағымдар жайлы, олардың зайырлы  мемлекеттің принциптеріне қарсы келетіні туралы, сондай-ақ  жат, радикалды діни ағымдардың мәні, келтіретін қаупіне тоқталды.

Ал мешіттің наиб имамы өз сөзінде жиһад, шахит  жайлы сарбаздарға түсінік беріп,  ислам дінінің негізгі қағыдаттары мен  ұстанымдары біздің  бабаларымыз ұстанған  наным-сенімдермен  ұштасып жатқанын  әңгімеледі. Бауырмалдық пен меймандостықтан ешкімнің жапа шекпейтінін  айтты. Ал Өскемен  және Семей епархинің жастар  ісінің  өкілі В.Гутов  деструктивтік  ағымның белгілерімен қаупіне тоқталды. Жас буын ден қойып тыңдап, сұрақтар қойды.  Мысалы: қатардағы Н.Богомолов  теріс ағымдардан  сақтану жолдарын,   қатардағы Рахымберді Елдар  діннің жастарға әсерін, ал қатардағы Олжас Шаймерденов  мешіт жағалаған кейбір жат қылықтылардан калай құтылу керектігі жайында сауалдар беріп, өте  дұрыс жауаптар  алды. Жалпы басқосу жастарға тағылымды тәрбие берді деген ойдамыз.

27943 әскери бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту маманы азаматтық персонал Бақыт Оспанова