oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Назар аударыңыз  аукцион!

«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылғы 25 қаңтарға күні сағат 10.00-де Өскемен қаласы, Киров көшесі, 33 мекенжайы бойынша сауда-саттықтың ағылшын тәсілімен жер учаскесіне жеке меншік құқығын және жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді:

Жер учаскелеріне жеке меншік құқығы:

1.     Әкімшілік ғимаратын жобалау, салу және орналастыру үшін Пограничная көшесіндегі, № 10/1 учаскенің маңындағы ауданы 0,10 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 1700000 тг., салық 12835 тг/жыл.

2.      Кітапхананы жобалау, салу және орналастыру үшін Джек Лондон көшесіндегі, № 3 учаскенің маңындағы ауданы 0,0836 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 2600000 тг., салық 11617 тг/жыл.

3.      Монша ауласын жобалау, салу және орналастыру үшін Жаңа-Ахмер ауылы маңындағы  ауданы 0,2 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 600500 тг., салық 26055 тг/жыл.

Жер учаскесін мерзімі 10 (он) жылға жалға алу құқығы:

4.       Өндірістік базаны жобалау, салу және орналастыру үшін Примыкания көшесіндегі, № 26 учаскенің маңындағы ауданы 0,7620 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 5450000 тг., жалдау 128830 тг/жыл.

5.       Зауыттық қаптамадағы құрылыс және әрлеу материалдарының қоймасын жобалау, салу және орналастыру үшін Путевая көшесіндегі, № 1 учаскенің маңындағы ауданы 0,2 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 1450000 тг., жалдау 33814 тг/жыл.

6.        Жеңіл автомобильдерге арналған ақылы автотұрақ салу және орналастыру үшін Бажов көшесіндегі, 333/2 тұрғын үйдің маңындағы (№ 41 учаске)  ауданы 0,1632 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 700000 тг., жалдау 25513 тг/жыл.

Жер учаскесін мерзімі 6 (алты) жылға жалға алу құқығы:

7.     Күрделі емес стационарлық емес құрылысты (сауда киоскі) орналастыру үшін Островский көшесіндегі, № 22/1 үйдің маңындағы ауданы 0,0011 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 200000 тг., жалдау 183 тг/жыл.

8.       Сауда павильонын орналастыру үшін Қ. Сәтпаев атындағы даңғылдағы, № 8/2 үйдің маңындағы ауданы 0,0018 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 200000 тг., жалдау 300 тг/жыл.

9.       Жарнамалық құрылымды (интерактивті медиабордты) орналастыру үшін         Қ. Сәтпаев атындағы даңғылдағы, № 159 учаскенің маңындағы ауданы 0,0008 га жер учаскесі (Қ. Сәтпаев атындағы даңғылды кеңейтуге дейін), бастапқы бағасы 300000 тг., жалдау 133 тг/жыл.

10.            Жарнамалық құрылымды (интерактивті медиабордты) орналастыру үшін         Қ. Сәтпаев атындағы даңғылдағы, № 159 учаскенің маңындағы ауданы 0,0008 га жер учаскесі (Қ. Сәтпаев атындағы даңғылды кеңейтуге дейін), бастапқы бағасы 300000 тг., жалдау 133 тг/жыл.

11.             Жарнамалық құрылымды (интерактивті медиабордты) орналастыру үшін         Жеңіс даңғылындағы, № 6 учаскенің маңындағы ауданы 0,0008 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 300000 тг., жалдау 139 тг/жыл.

12.            Жарнамалық құрылымды (интерактивті медиабордты) орналастыру үшін         Жеңіс даңғылындағы, № 9 учаскенің маңындағы ауданы 0,0008 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 300000 тг., жалдау 139 тг/жыл.

13.            Жарнамалық құрылымды (интерактивті медиабордты) орналастыру үшін         Жеңіс даңғылындағы, № 3/2 учаскенің маңындағы ауданы 0,0008 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 300000 тг., жалдау 139 тг/жыл.

14.             Жарнамалық құрылымды (интерактивті медиабордты) орналастыру үшін         Жеңіс даңғылындағы, Әуезов даңғылындағы, 26 ғимараттың маңындағы ауданы 0,0008 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 300000 тг., жалдау 139 тг/жыл.

15.            2 тіректе жарнамалық құрылымды (интерактивті медиабордты) орналастыру үшін   Жеңіс даңғылындағы, № 9/1 учаскенің маңындағы ауданы 0,0006 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 300000 тг., жалдау 104 тг/жыл.

16.            2 тіректе жарнамалық құрылымды (интерактивті медиабордты) орналастыру үшін   Жеңіс даңғылындағы, № 2 учаскенің маңындағы ауданы 0,0006 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 300000 тг., жалдау 104 тг/жыл.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің бастапқы (минималды) бағасынан 5 пайызды құрайды, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

Ауыртпалықтар (шектеулер): ортақ пайдалану жерлерінде уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына қатысты мәмілелер жасасуға жол бермеу; Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 163 және 2014 жылғы 6 қазандағы № 266 қаулысымен белгіленген су қорғау аймағының аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимін сақтау; инженерлік коммуникациялардың қорғау аймақтарын сақтау және оларды жөндеу мен қызмет көрсету үшін кедергісіз кіру мүмкіндігін беру; санитарлық-қорғау аймағын ұйымдастыру жобасы жасалсын; ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу талап етіледі; ғимараттардың күрделі құрылысын болдырмау; инженерлік коммуникациялардың қорғау аймағын сақтау және оларды жөндеу мен қызмет көрсету үшін кедергісіз кіру мүмкіндігін беру; жарнама объектісінің сыртқы түрі мен мөлшері қазіргі заманғы талаптарға сай болуы тиіс; жарнама объектілерін орнатуды техникалық және құрылыс нормалары мен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып орындау.

Сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізу шарттары:

аукционшы объектінің бастапқы бағасын және бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттыққа қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды да, объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Егер объект бойынша сауда-саттықта қатысушылардың саны екіден кем болмаса, сауда-саттық өткізілді деп есептеледі.

Жер учаскелерін сату шарттары: нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, игеру шартын жасау, объектіні жобалау үшін сәулеттік-жайғастыру тапсырмасын алу, сервитуттар беру, жер салығын уақытылы төлеу.

Сауда-саттықта анықталған учаскенің құны 50 % мөлшерінде аванстық төлем түрінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 5 (бес) банк күнінен кешіктірілмей төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей енгізілуі тиіс.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін аукционға қатысуға өтініш; тұлғасын куәландыратын құжат; кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат ұсынылуы қажет.

Заңды тұлғалар қосымша заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін ұсынады.

Объектіні сатып алу-сату шарты, жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне меншік немесе жалдау құқығын беру туралы шешімі (ол аукцион аяқталған соң екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады) қабылданған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде жасалады.

Аукционды ұтып алған және сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғаның кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша төленетін төлемдердің есебіне жатады. Кепілдік жарна әр объект бойынша жеке енгізіледі.

Кепілдік жарна «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына енгізіледі: БСН 000440004303, БСК ККМFKZ2A, «ҚР ҚМ-нің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі. Депозит шотының нөмірі: KZ820705034631524006. БК 16, ТМК 171.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, Киров көшесі, 33, № 25 кабинет мекенжайында жүргізіледі және аукцион басталуына 24 (жиырма төрт) сағат қалғанда аяқталады. Қосымша ақпарат пен анықтамалар алу үшін телефон нөмірі: 8 (7232) 26-34-64.