oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Есеп «№29 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ «Жас құтқарушы» орталығының кәсіптік бағдар бойынша ата-аналар жиналыстарына және сынып сағаттарында қатысуы туралы

ШҚО ТЖ Департаментімен «Қайда оқуға баруға болады» атты бірлескен жоба аясында ұйымдастырушы-педагогтар №36 орта мектептің бітіруші сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кезекті кездесу өткізді. Кездесуде ұстаздар Көкшетау техникалық институты ҚР ТЖ-нің ата-аналардың және оқушылардың назарына оқуға түсу шарттары мен мәліметтері жеткізілді.

Осы ЖОО-дағы оқу жүйесі туралы толық айтып берді. Кездесуде институт туралы бейнесюжеттер көрсетіліп, көрнекі материалдар таратылды.Институтты бітіргеннен кейін ҚР Азаматтық қорғау органдарында одан әрі қызмет ету перспективаларына ерекше назар аударылды.

Балалар мен олардың ата-аналарына азаматтық қорғау органдары туралы, қазіргі заманғы құтқарушылар немен айналысады және олардың жұмысы қандай жағдайда жүріп жатқанын айтып отыр. Балаларға құтқарушы мамандығын толық түсіну үшін өрт сөндіру-құтқару спорты және құтқару көпсайысы бойынша «Жас құтқарушы» орталығының спорттық секцияларына бару, теориялық сабақтарға қатысу ұсынылды.

Мектеп бітіруші сыныптардан басқа, педагогтар №4 мектептің 6 сынып оқушыларымен кездесті. Балалар үшін өртке қарсы қызмет мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Ата-аналарға «Жас құтқарушы» орталығының жұмысы туралы, балаларды түрлі өмірлік жағдайлардағы қауіпсіздік ережелеріне, зардап шеккендерге және өзіне алғашқы көмек көрсете білуге,әртүрлі ТЖ және табиғи апаттар кезінде бағдарлануға қалай үйрететіні туралы айтылды.

Бұл бірлескен Жоба қаланың басқа мектептерінде де жалғасын табады.

Өскемен қаласы әкімдігінің «ҚБМО № 29» КММ директор орынбасары  Е.Шатурный