oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Өскемен қаласы әкімінің тұрғындармен есептік кездесулері жаңа форматта

Өскемен қаласы әкімінің тұрғындармен есептік кездесулері жаңа форматта өтуде Биылғы жылы қалалық әкімдікте трибуна, президиум және баяндаманы оқу сияқты үйреншікті атрибуттардан бас тарту туралы шешім қабылданды. Қала әкімінің тұрғындармен алты кездесуінің біріншісі-бүгін № 47 орта мектептің акт залында өтті. Үлкен LED-экранда көрсетілген бейнеграфиканы пайдалана отырып, Жақсылық Омар өскемендіктерге өткен жылы әкімдік жасаған жұмыстар және биылғы қаланы не күтіп тұрғандығы туралы еркін және қолжетімді түрде әңгімелеп берді. Жалпы, әкім атап өткендей, 2018 жыл облыс орталығы үшін сәтті өтті. Кезең барлық негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсуімен белгіленді. Бір жыл ішінде облыс орталығында өнеркәсіп өндірісі 14 пайызға, жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 5,5 пайызға, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,7 пайызға өсті. 2018 жылы өскемендіктер жол жөндеу және абаттандыру бойынша ауқымды жобалардың куәсі болды. Бұл үрдіс ағымдағы жылы жалғасады. 2019 жылы қалада табиғи-спорт паркін, екі жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салу, қала орталығында ауқымды жаяу жүргіншілер аймағын салу және Қазақстандағы жалғыз сегіз жолақты даңғылдың құрылысын аяқтау көзделген. 2018 жылы іске қосылған "Менің аулам" аула аумақтарын абаттандыру бағдарламасын іске асыру да жалғасады. Биыл жаңа балалар алаңдары мен кеңейтілген жолдар 20 аулада пайда болады. Қалалық әкімшілік білім беру саласына да басты назар аударуда. Жаңа оқу жылына екі жаңа мектеп пен бір қосымша оқу корпусын ашу жоспарланған. Өткен жылы қаланың 46 мектебінде компьютерлермен және электрондық оқу материалдарымен жабдықталған 70 жаңа модификациялы кабинет жабдықталды. 2019 жылы 36 оқу орнын жөндеуге қаражат қарастырылған. Кездесу соңында қала басшысы кездесу өткен ауданның өзекті мәселелеріне тоқталды. Әкім жоспарланған абаттандыру, тротуарларды төсеу, жарықтандыруды ұйымдастыру және басқа да жергілікті өзгерістер туралы айтты. Кездесу соңында Жақсылық Омар залдан және Инстаграм әлеуметтік желісінде өткен кездесудің тікелей трансляциясының көрермендерінен келіп түскен сұрақтарға жауап берді.