oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Су тасқынына бүгіннен бастап дайындаламыз

Біздің өңірдегі тұрақсыз ауа-райына байланысты, Өскемен қаласының ТЖ басқармасы су тасқыны қауіпті кезеңді қауіпсіз өткізу үшін, тұрғындардың өз аулаларын алдын ала жиыстырып тазалауына шақырады. Ағымдағы жылы үй маңында және аулаларда қар көп жатыр. Тұрғындар өз күштерімен үй аумағын қардан, арықтарды – қоқыс пен мұздан тазалаулары, су ағатын жыралар жасаулары қажет. Сондай-ақ үй аумағына үйінді жасау үшін қолда бар материалдарды (қаптар, грунт, құм, топырақ) дайындау қажет.

Су тасқыны кезеңіндегі іс-әрекет жөнінде тұрғындарға жаднама

- Ақпаратты мұқият тыңдау, мәліметке алу және құтқару қызметі мен су тасқыны комиссиясының барлық талаптарын орындау.

-         Газды, суды және электр қуатын өшіру.

-         Пештегі отты сөндіру.

-         Жоғары қабаттарға немесе шатырға бағалы заттар мен жихаздарды апару.

-         Су басу қаупі бар жайлардан жануарларды шығару.

-         Су көтерілген кезде ағып кететін отындар немесе заттарды жайға (қораға) апару.

-         Судан бұзылып кететін барлық заттарды жертөледен шығару.

Сіздің үйіңізді су баспауы үшін не істеу керек?

-         дер кезінде ауланы қардан тазарту;

-         жақын маңдағы жылғаларды, арықтарды қоқыстан және мұздан тазалау;

-         аула ішінде су ағатын орлар жасау;

-         қаптарды, құмдарды, грунттрады, топырақтарды дайындау;

-         үй аумағында үйінділер жасау.

Су басқан жағдайда қажетті телефон нөмірлері:

-         қала әкімдігінің жедел кезекшісі – «138»

-         бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызмет – «112»

-         Өскемен қаласы ТЖ Басқармасының телефоны – 25-06-91.

«ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Өскемен қаласының  Төтенше жағдайлар басқармасы» РММ