oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

«Латын әліпбиіне өтудегі кезеңдік мәселелер» атты ғылыми-әдістемелік семинар

2019 жылдың 14 ақпанында елбасы Н.А. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында латын графикасына ауысу бойынша «Латын әліпбиіне өтудегі кезеңдік мәселелер» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты: Латын әліпбиіне өту жолындағы мәселелер және осы мәселелерді шешу жолындағы ғылыми-әдістемелік ізденістерді анықтау.

Міндеті:

-  латын әліпбиін меңгертудегі тиімді әдістемелік оқу-құралдарының жай-күйімен танысу, қоғам сұранысы мен қажетін өтеудегі оның рөлін көрсету;

-  латын әліпбиі негізіндегі емле-ережелерге ғылыми сараптама жасау;

-  ғылыми көзқарастар негізінде бекіген әліпби нұсқасының қолданысқа еніп, қоғамда жаңа әліпбиді практикалық тұрғыда меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері  бойынша Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебімен атқарылған іс-шараларды қарастыру;

Қатысушылар: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ филология ғылымдарының кандидаттары, ШҚ халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінің мұғалімдері, Жалпы орта білім беру мекеме басшылары, мұғалімдері, ШҚ лингвистикалық орталығының қызметкерлері.

Семинар барысында негізгі баяндамашылардың тақырып бойынша жасаған баяндамалары талқыланды, қойылған міндеттерге сай сұрақтарға жауап берілді.

«Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ