oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

«Тектілікті сақтайық» айлығы!

«Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылдың 18 ақпан мен 18 наурыз аралығында қала көлемінде «Тектілікті сақтайық!» айлығының өткізілетінін жариялайды.

Айлықтың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» № 2923 Жарлығына сәйкес ұлты қазақ азаматтардың тегін, әкесінің атын және жалқы есімдерді ретке келтіру.

Айлық аясында келесі шараларды өткізу көзделеді:

·     қала жұртшылығына Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығын түсіндіру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;

·     Өскемен қаласының балабақшаларында, мектептерінде Өскемен қаласындағы облыстық «Ана мен бала» орталығының перзентханаларында Қазақстан Республикасы Президентінің ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын ретке келтіру жөніндегі Жарлығын түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып және буклеттер тарату.

Елінің ертеңі, ұлттық рухтың негізі болып табылатын тілінің тағдыры толғандыратын әрбір азамат айлық барысында бұл шарадан тыс қалмайды деген ойдамыз.

Байланыс телефондары . 8 (7232) 26-55-36, 57-79-98.

«Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ