oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Қалай құтқарушы болуға болады?

Түлектерге болашақ кәсібін анықтауға көмектесу үшін Өскемен қ. ТЖБ мамандары кең түрде кәсібибағдар беру жұмысын жүргізеді.

Күні кеше құтқарушылар «Нұр Орданың» оқушыларында қонақта болды. Болашақ студенттерге өрт сөндіруші мен құтқарушы кәсібінің ерекшелігі, олардың қайсар қызметінің ерекшелігі, авариялық-құтқару жұмысын жүргізу туралы айтып берді, сонымен қатар балалар ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсу шарты, төтенше жағдай жүйесінің бөлімшелерінде қызметті өткеру туралы білді.

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын бітірудің ерекшелігі кепілдік жұмысқа орналасу, әлеуметтік кепілдіктер, лайықты стипендия және азаматтық қорғау лейтенанты шені.

Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы, ҚР ІІМ ТЖК КТИ-ның күндізгі оқыту бөліміне кіріспе экзамендерін сәтті тапсырған, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды, орташа кәсіби білімі (орташадан кейін), алғашқы кәсіби (техникалық және кәсіби), жалпы орташа білімі бар, оқу жылы басталар алдында 16 жасқа толған, 25 жастан аспаған жастағы Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Институтқа қабылдау бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен жасалған,  технология бойынша өткізілген талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ) нәтижесі бойынша берілген сертификатының баллдарына сәйкес жүзеге асыратындығын ескертеді.

2010 жылдан бастап Астана қаласында қоғамдық өмірде және оқуда ең жоғары нәтиже көрсеткен, Көкшетау техникалық институтының ең үздік және аса лайықты түлектеріне азаматтық қорғау лейтенантының иық белгісін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев тапсырады.

Дұрыс таңдау жасап, қоғамға пайдасын тигізетін кәсіпті ал.

Өскемен қ. ТЖБ ақпараты