oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Аутизмді анықтау

2008 жылдан бастап 2 сәуірде Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні аталып өтіледі. Аутизмнен зардап шеккендер арасында балалар үлесінің жоғарылығы қай мемлекетті болмасын мазалайды. Сондықтан оған неғұрлым ерте диагноз қойып, тиісті тексерулер жүргізу маңызды. Аутизмді 3 жасқа дейін анықтап, баланың қоғамға бейімделіп, қоғамдық ортада ел қатарлы білім алып, жұмыс істеуі үшін облыс орталығында «Асыл мирас» аутизм орталығы жұмыс істеп тұр. Айтулы күнге орай облыстың денсаулық сақтау басқармасы орталықпен бірлесе отырып, аутизмді анықтауға ортақ күш салады. Аутизм орталығында өткен ашық есік күнінде білім мекемелері, медицина ұйымдарының өкілдері қатысты. Орталықтың бүгінгі таңда бір айналымда 80 баламен қатар жұмыс істеуге шамасы жетеді. Шара барысында келушілерге «Аутизм – барлығы үшін бір әлем» бағдарламасы таныстырылды. Орталық болашақта аутетикалық спектрді ерте анықтауда балалармен жұмыс істейтін дәрігерлер арасында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісетін болады.

«Altai» телеарнасы