oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Мемлекет басшысының үндеуін қолдаймыз

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Үндеуін, Өскемен қаласының ақсақалдар Кеңесі мүшелері зейінмен тыңдап, кезектен тыс 2019 жылдың 9-шы маусымында, Президент сайлауын өткізуді дұрыс шешім деп қабылдады. Себебі, аз құраммен Парламент депутаттары сайлаған Президентке қарағанда, бүкіл ел халқының сайлауы-саяси демократиялық жағынан ұзақ Конститутциялық мерзімге сайлану, Президенттің өзі үшін де, мемлекет үшін де әділетті де, күштірек болары сөзсіз.

Уакыт ұтқызып, өз халқымыздың көңілін алаңдатпай, сондай-ақ экономикалық, саяси қарым-қатынастағы шет мемлекеттерімен байланысымыз сенімді де, тұрақты болу үшін кезектен тыс сайлау өткізу қай жағынан алсақ та тиімді.

Қазіргі Президентіміз, өз сөзінде Елбасымыздың жасап берген дара жолымен дұрыс келе жатқанымызды атап өтіп, оны сенімді, ілгері жалғастыру үшін көпұлтты Қазақстан халқының даналығына, береке бірлігіне сенетінін білдіреді.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы болатын сайлаудың, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету үшін, таза ашық, әділ өткізілетініне халықты сендіріп отыр, және оған өзі де сенімді.

Өскемен қаласының ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Сайлаухан Аухадиев