oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Ұлы өнер – ұлт жаңғыруы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Жастар жылына арналған Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде республика бойынша 10 жоғары оқу орнынан 12 студенттік жастар театры қатысқан «Ұлы өнер – ұлт жаңғыруы» атты фестиваль болып өтті. Фестивальда өнер көрсеткен студенттер қоғамдағы өзекті проблемаларды сахналады. Махаббат, достық, ізгілік пен мейірімділік, сондай-ақ, сатқындық, көре алмаушылық, түсінбестік, қоғам індетіне айналған нашақорлық тақырыбындағы қойылымдар. Фестиваль қатысушылары шараның ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалап, ризашылықтарын білдірді. Ал Шығыс Қазақстан облысы атынан «Жалынды жастар» мен «Шабыт» театрлары қатысты. Жастарға сенеміз. Ел - ертеңі, сенімді ақтайтын осы өскелең ұрпақ,- дейді Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректоры Мұхтар Төлеген. Қазылар алқасы студенттер өнерін бағалауда актерлік шеберлікке, сахнада өзін ұстай білуі, белгілі бір тарихи кезеңдегі адам образдарын нанымды сомдау қабілетіне баса назар аударды. «Ұлы өнер – ұлт жаңғыруы» республикалық фестиваль қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан келген театр бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ өзге де үміткерлер сый-сияпатқа бөленді.

«Altai» телеарнасы