oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Ашық есік күндері

2019 жылдың 3 сәуірінен бастап қала әкімдігінде жоғары оқу орындағы студенттері мен түлектеріне арналған ашық есік күндері өтеді.

Бүгін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті және Қазақстан-Американдық еркін университеті заң факультетінің 38 студенті Өскемен қаласы әкімінің аппаратына келді. Студенттер Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы Шерубаев Нұрлыбек Әділғазыұлымен кездесіп, оларға мемлекеттік органдардың құрылымы және олардың жұмыс бағыттары туралы әңгімеледі. Болашақ заңгерлер алдында персоналды басқару қызметінің басшысы Инара Құдайберген және заң бөлімінің бас инспекторы Иманбаева Күлзипа Машконқызы сөз сөйледі. Олар болашақ мамандармен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, болашақта алған білімдерін қолдануға, сондай-ақ мемлекеттік қызметте кәсіби  тәжірибе алуға шақырды.

2018 жылдан бастап жыл сайын ашық есік күндерін өткізу дәстүрге айналды. Осы жылы олар сәуірдің 3 мен 5 аралығында қаланың барлық жергілікті атқарушы органдарында өтеді.