oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

«ҚР жарнама мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

08.01.2019 жылғы № 215 «ҚР жарнама мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен жарнама туралы ҚР заңнамасына енгізілген өзгерістер 2019 жылдың сәуірдің 11-і  күшіне кіреді.

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, соның ішінед нұсқағыштарды  орналастыру ҚР 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 «Жарнама туралы» Заңының 11 бабы бойынша (бұдан әрі-заң), ҚР Жер кодексімен, ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылысы қызметі туралы, автомобиль жолдары және жол қозғалысы туралы заңнамаларға сәкес жүзеге асырылады.

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері ұлттық стандарттарға сәйкес келуге тиіс.

Сыртқы (көрнекі) жарнамаға Заңның 3 бабының 7-2 тармағы талаптарын сақтаған жағдайда, маңдайша жатпайды; келесі сипатта сыртқы көрнектілігі үшін витриналар мен терезелерді ішкі ресімдеу: орын-жайлар ішінде орналастырған тауар өнімі; көрсетілетін қызмет түрі; дараландырылған құралдар; декоративті және салтанатты ресімдеу.

Үйлердің (ғимараттар) сыртында орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнама объектісіне өзге де заттық құқықтар иеленуші болып табылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің иелері немесе тұлғалары міндетті: сыртқы (көрнекі) жарнама эстетикалық, санитариялық және техникалық жай-күйіне сәйкес ұсталуы тиіс;  адамдардың өмірі мен денсаулығына, кез келген нысандағы меншік мүлікке қауіпсіздік қамтамасыз етілуі тиіс.

Сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орнату туралы хабарлама жіберілген жағдайда рұқсат беріледі. Хабарламалар сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орнататын жарнама таратушылармен жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға ҚР салық заңнамасымен белгіленген тәртіп пен өлшемдерде төлем жасалады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 603 бабы бойынша тиісті құжаттар болмаған жағдайда бюджетке төлем сомасын өтеу мен енгізу негіздемесі сыртқы (көрнекі) жарнаманы іс жүзінде орналастыру болып табылады.