oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Өнерлі – өрге жүзер

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде Өскемен мектептері арасында «Шығыс жұлдызы» конкурсы болып өтті. Көркемсөз оқудан, ән айтып, би билеуден, музыкалық шығармалар орындаудан сайысқан өнерпаздар ертеңінен үміт күттіреді. Ұлттық құндылықтарға деген ілтипат пен құрмет әр шәкірт бойынан есіліп тұрды. Тақырыпты тілшілер сюжеті жалғастырады. «Өнерлі – өрге жүзер» демекші, бойында жылт еткені бар балалардың талабын ұштайтын байқау-конкурстар арасы жиілеген. Сонысына қарай үміткер саны да жоғары. Мәселен, «Шығыс жұлдызы» конкурсына Аружан Тұрсынбаеваны ұстазы соңғы екі жыл бойы тәрбиелеп, шыңдаумен келеді. Әдеби шығармаларды мәнерлеп оқудан түрлі деңгейдегі сайыстарда үздік нәтижелерімен танылған шәкіртін тағы бір сынамақшы. Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп оқушысы Мырзабек Айбекұлы да осал емес. Қалалықтан бастап халықаралық өнер додаларынан жеңіспен оралатын дүлдүл. Әлгіндей конкурстар арқылы облыс намысын қорғайтын жеткіншектер қатарын іріктеуде істің басы-қасында жүретін белгілі ұстаз-композитор Уатқан Жүнісовтің еңбегі ұшан-теңіз екенін ұстаздар қауымы атап өткен. Міне, ел болашағы – бүгінгі ұл-қыздың ата-баба мирасына деген адалдығы осындай. Рухани жаңғырудың сара жолындағы олар үшін алынбас қамал жоқ.

«Altai» телеарнасы