oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Әкім орынбасары мен екі бөлім басшыларына сөгіс жарияланды

Нан бағасының күрт өсуіне әкелген жағдайға уақытында шаралар қолданбағаны үшін кәсіпкерлік бөлімінің, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары және осы бөлімдерге жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары  тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының басынан бастап қалада бірінші сұрыпты нанның бөлшек сауда бағасы өсті.

Аппараттық кеңес барысында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар бағаның өсуі - әкімдіктің жауапты қызметкерлерінің сапасыз жұмыстарының салдары екенін атап өтті. Шұғыл шараларға жүгінбей  баға өсімін алдын ала болжауға және кәсіпкерлермен өзара іс-қимылды жолға қоюға болады.

Көтеру себептерін анықтау және реттеу бойынша шаралар қабылдау үшін жұмыс тобы құрылды, оның құрамына қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.  Бұл жұмыс туралы есепті топ жетекшісі - қалалық мәслихаттың хатшысы Александр Светаш берді.

Бағаның өсу себебі - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің астық бағасын жаппай көтеру. Тиісінше, бұл ұн мен дайын өнімдердің қымбаттауына әкеп соқты.

Топ мүшелері әлеуметтік сауда нүктелерінде 65 теңге бағасымен нанды сату үшін үш наубайханамен келісімге қол жеткізді.
Бұдан басқа, топ мүшелерінің ұсынысы бойынша, қала әкімі Жақсылық Омар аппарат басшысына "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы "ҰК" АҚ басшылығымен жергілікті ұн кәсіпорындарына төмендетілген бағамен астық жіберу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ "Ертіс" ӘКК-мен бекітілген баға бойынша ұнның резервтік қорын құру туралы келіссөздер жүргізілуде.