oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Жігері күштілер үшін кәсіп

ҚР ІІМ ТЖК КТИ курсанттары Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжінің студенттерінде қонақта болды. Түлектерге және оқушыларға курсанттар құтқарушы кәсібін қалай алу керектігі және болашақта өз өмірлерін адамдарға көмек көрсетумен байланыстыруға болатындығы туралы айтып берді. Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта тек бір ЖОО Көкшетау қаласында бар, ол төтенше жағдай жүйесіндегі нағыз офицерлер мен қызметкерлерді даярлайды. ҚР ІІМ ТЖК КТИ тестілеу мен дене дайындығы нормативтерін тапсырып, медициналық қарау және әңгімелесуді өтіп түсуге болады.

Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжінің студенттері курсанттарға сұрақ қойып, болашақ офицерлердің студенттік өмірі жайлы сұрады. ҚР ІІМ ТЖК КТИ түлектері Азамат Ақзамбеков пен Әділ Мұхамеджанов тек ЖОО мен оқыту жүйесі туралы ғана айтып қоймай, институттағы мәдени және спорттық өмір жайында сыр бөлісті.

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын бітірудің артықшылығы – ол кепілдік жұмысқа орналастыру, әлеуметтік кепілдіктер, жақсы студенттік ақы және азаматтық қорғау лейтенантының шені.

Тілек білдірген түлектер үшін, күндізгі оқыту бөліміне кіріспе экзамендерін сәтті тапсырған, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды, орташа кәсіби білімі (орташадан кейінгі), алғашқы кәсіби (техникалық және кәсіби), жалпы орташа білімі бар, оқу жылы басталар алдында 16 жасқа толған, 25 жастан аспаған жастағы Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданатындығын еске саламыз. Институтқа қабылдау бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен жасалған,  технология бойынша өткізілген талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ) нәтижесі бойынша берілген сертификаттың баллдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты