oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

ШҚО-да актер, режиссер Сахан Әкелеевтің мерейтойы аталып өтті

Актер, режиссер, облыстық драма театрдың қазақ труппасының жетекшісі Сахан Әкелеев екі бірдей мерейтойын атап өтті. Біріншісі өзінің 60 жасы болса, екіншісі өнер әлеміндегі 40 жылдық мерейтойы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Күшік күйеу», «Сергелдең болған серілер», «Жандауа», «Шолақ қол келіншек» сынды көрермен көңіліне жол тапқан пьесалардың режиссерінің шығармашылық кешіне Тұңғышбай Жаманқұлов, Болат Ұзақов, Иісбек Әбілмәжінов бастаған өнер тарландары келіп, ақжарма тілектерін айтты.

– Сахан Әкелеевті 40 жылдан бері танимын. Сегіз қырлы бір сырлы адам. Әнші, композитор, актер, режиссер және ең бастысы – адал адам, – дейді астанадан ат арытып жеткен Болат Ұзақов.

Шығармашылық кеште айтыскер ақын Серік Құсанбаев «Өнер үшін отқа да, сотқа түскен, Тұңғышбайдың Шығыстағы көшірмесі», деп жырдан шашу шашты.