oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Есеп Ұлы Отан соғысы Жеңіс күніне орай Өскемен қаласы «№29 ҚБМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығының өткізген шаралар туралы

Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Даңқ мемориалының жанында митинг жылдан жылға өтіп келеді. Бүгін де бір минут үнсіздік пен гүл шоқтарын қою дәстүрі, әрине, жалғасты. «№29 ҚБМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығының тәрбиеленушілері Жеңіс күніне арналған іс-шараларға қатысты.

2019 жыл 6 мамыр күні Ұлы мейрам қарсаңында Ардагерлер кеңесі және ШҚО ТЖД басшылығы мен «№29 ҚБМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығының 18 армияның 68 дивизияның 100 тау-атқыштар полкінің қызылармияшысы 101 жастағы Қабатай Қалдыбаевқа қонаққа барды.

Мейірімді және қайырымды ҰОС ардагері, жасы ұлғайғанына қарамастан өзіне нық сенімді, еш мұңайып, жабықпайды. Ол әлі күнге дейін болаттай берік мінезін, жауынгерлік және мықты рухын сақтап қалған. Бұған таңқалуға болмайды, себебі ол нағыз пулеметші. Олар осындай болуы тиіс. «Пулеметші болуға мықтыларды ғана қабылдады - дейді Қабатай Қалдыбаев. Басқа ештеңеге де қарамады. «Әлсіздер» зілдей ауыр «максимді» алысқа алып жүре алмайды, ал жеңіл пулеметтерді кейіннен соғыс аяқталғанда бірақ алдық».

Сонымен қатар, «№29 ҚБМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығының құтқарушылары ТЖ ардагерлермен, тыл ардагерлері бірге даңқтар мемориалында гүл шоқтарын қойды. Оқушылар бір минут тыныштықпен қҰлы Отан соғысы кезіндегі қайтыс болған жандарды еске алды, ардагерлерді мейрамдарымен құттықтады.

Бұндай шара «Жас құтқарушылар мектебіне» дәстүрлі шараларға айналды. Қазақстан халқының Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді еске алып құрметтеді.

«№29 ҚБМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығының дир.орынбасары  Е.Шатурный