oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

«Бала дауысы» байқауы

Өскеменде «Бала дауысы» ұлттық ән байқауы тыңдалымының төртінші маусымы өтті. 8-12 жас аралығындағы балалардың музыкалық дарынына қолдау көрсететін жоба. Іріктеу талаптарына сай келген өрендер вокал мен актерлік шеберлік, хореография, стиль өнері, сахналық шеберлік бойынша дәріс алады. Тақырыпты әріптесім жалғастырады. Қазақ эстрадасы өкілдерінен құралған үлкен шығармашылық топ Өскеменге ең үздік жас әншіні табу үшін арнайы келді. Тыңдалымда бағын сынаушылар музыкалық демеусіз, «а-капелла» форматында ән салды. Қатысушылардың  өнеріне әнші Зируза мен жобаның музыкалық продюсері Фарида Ниязова бағалады.Ары қарай финалистер биылғы жылдың қазан айындағы финалда сахнаға шығады. Балалардың өнерін 17 қазылар алқасы бағалайды. Олардың арасында танымал қазақ эстрада жұлдыздары мен смс арқылы дауыс беретін телекөрермендер бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, гран-при иегері Диснейлендке жолдама алып, Ұлттық өнер университетінде оқу грантының иегері атанады.

«Altai» телеарнасы