oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

«AMANAT music» халықаралық байқау-фестивалі

«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары шеңберінде әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісованың жетекшілігімен құрылған «Аманат» өнер орталығы республика бойынша «AMANAT music» халықаралық байқау-фестивалінің іріктеу кезеңін өткізді. Бұл сайыс қатарында облыс өнерпаздары да бар. Дарынды балалар, сондай-ақ, талантты жастарды анықтау және қолдауда  еліміз бойынша небір жағымды да ұтымды жобалар баршылық. Халықаралық мәдени және достық байланыстарды дамыту әрі нығайтуда мұндай қадамдардың рөлі айырықша. Әр елдің өнерпаздары мен педагогтары арасында шығармашылықты шыңдап, тәжірибе алмасуға жағдай жасайды. «AMANAT music» халықаралық байқау-фестивалінің де міндет-мақсаты осындай.Жас өнерпаздар бірнеше сағат бойы вокал, дәстүрлі ән, аспаптық орындау, халықтық ансамбль, актерлік шеберлік және ұлттық би бойынша өзара сайысты."AMANAT music" байқау-фестивалі жеңімпаздары маусым айының соңында Алматыда өтетін екінші кезеңге жолдама алады. Ал финалдық кезең ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткізілмек.

«Altai» телеарнасы