oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Мектеп жанындағы лагерьлерде қауіпсіздік викториналары өтуде

Жазғы каникул кезінде қала ТЖ басқармасының қызметкерлері мектеп жанындағы лагерьлерде қауіпсіздік викторинасын өткізеді. Күні кеше олар «№38 ОМ» КММ лагерьіне барды.

Суайдындарда қайғылы оқиғалардың және өрттердің алдын алу – аса маңызды міндет. Балалар қағиданы тез және оңай меңгеруі үшін, ТЖ қызметінің мамандары лагерьдегі балалармен танымдық іс-шара өткізді.

Құтқарушылар ағымдағы жылы тұрғындардың, оның ішінде балалардың отпен абайсыз болу себептерінен өрттер жиілеп кеткендігін айтты. Өрт туындаған кезде өзін қалай ұстау керектігі жөніндегі өрт қауіпсіздігінің қарапайым қағидаларын түсіндіріп, шұғыл қызметтердің телефон номерлерін ескертті, сонымен қатар орманда қараусыз қалған алаудың және өрт қызметіне жалған соғылған қоңыраудың қандай қауіптілігі барлығын айтты. Ұлдар мен қыздар тапсырманы жақсы орындап, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берді.

Сондай-ақ балаларға суайдындарда өзін қалай ұстау керектігі жөнінде ұсыныстар берілді. Үлкендердің қарауынсыз қалу, әсіресе таныс емес жерлерде суға шомылу өте қауіпті. суға кірмес бұрын, денені шынықтыру керек, судың жеткіліксіз тереңдігінде сүңгуге болмайды, судағы тентектікке, қисынсыз тәуекел жағдайына бой алдырмау керек.

Балалар іс-шараға тыңгылықты дайындалды. Балаларға ойын түрінде қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын үйрену анағұрлым қызықтырақ. Балалардың айтуы бойынша, олар көптеген қажетті және пайдалы ақпараттар алды, ол оларға каникулды қауіпсіз өткізуге, ал одан әрі төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет етуге көмектеседі.

Осы уақытта басқа мектеп жанындағы лагерьлерде өрт сөндіру бөлімшелері мамандарының қатысуымен эвакуациялық жаттығу өткізіледі, құтқарушылар үшін, жазғы лагерь орналасқан әрбір ғимаратта осындай сабақтар өткізу аса маңызды. Қалада барлығы 43 мектеп жанындағы лагерьлер бар.

Өскемен қаласы ТЖБ