oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Құтқарушылар мен мамандандырылған саяжай дүкендері өрт қауіпті кезеңде мұқият болуға шақырады

Шөптердің жануы мен даладағы өрт оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар аясында Өскемен қаласы ТЖБ және «Огородник» пен «Дачник» саяжай дүкендерінің мамандары халық арасында өртке қарсы насихаттауды ұйымдастырды. Енді жоғарыда аталған дүкендерге бағбаншылар барған кезде жадынама алады, онда өрт кезіндегі мінез-құлық қағидасы мен өрт қауіпті кезеңдегі қауіпсіздік ережелері жазылған.

«Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шаралары туралы осындай ескерту жасау әдісін біз өте тиімді деп санаймыз, барлық әуесқой бағбаншылар ережені бей-жәй қалдырмайды және қауіпсіздік шараларын сақтауға дұрыс назар аударады деп сенеміз», - деп мәлімдеді Өскемен қ. ТЖБ баспасөз-хатшысы Марина Лискова.

Жақында бау-бақша қоғамының аумағында рейдтер өтеді, оның аясында қала ТЖБ мамандары шөп өртегіштер мен бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады.

Әйтсе де, өрт сөндіру бөлімшелері саяжай қоғамы мен ашық аумақтардағы шөптерді сөндіруге тәулігіне 15 ретке дейін жануларды жоюға шығады.

«Алдын алу шараларына саяжай дүкендерінің қатысуы, өрт қауіпті кезеңде азаматтардың мұқият болуларына назар аудартады деп есептейміз», -деп мәлімдеді Өскемен қ. ТЖБ мамандары.

Өскемен қ. ТЖБ ақпараты