oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ЕЛБАСЫ ҚОРЫ ЖУРНАЛИСТЕР ҮШІН «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

03.06.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында белгіленген тақырыпқа арналған үздік материалға халықаралық шығармашылық ашық конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаты – еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, қазақстандық мемлекеттіктің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету, халықаралық журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа есімдерді анықтау.

 

Конкурс бес номинация бойынша өткізіледі:

1) «Үздік телевизиялық материал»;

2) «Үздік радиоматериал»;

3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;

4) «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым»;

5) «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым».

 

Әр номинация бойынша Конкурс жеңімпаздарына 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай жүлде беріледі, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 500 мың және 200 мың теңге беріледі. Одан басқа, барлық жүлдегерлерге дипломдар мен омырауға тағатын белгілер тапсырылады.

Конкурсқа жеке және ұжымдық авторлар тек бір номинация бойынша қатыса алады.

Конкурсқа 2018 жылғы 10 қазан мен 2019 жылғы 10 қазан аралығында ресми жарияланған (алғаш рет жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

Құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген Комиссия Конкурсты қорытындылайды.

Конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2019 жылғы 3 маусым мен 20 қазан (қоса алғанда) аралығында келу тәртібімен немесе пошта арқылы мына мекенжайда қабылданады: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1, 404 бөлме., «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгілеумен, байланыс телефондары: (7172) 69-30-54, 69-30-56, 69-30-57, 69-30-51).

Конкурсты өткізудің шарттары мен мерзімдері туралы толық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz және www.fpp.kz сайттарында танысуға болады.

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты Баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасындағы ашық халықаралық конкурс туралы ереже