oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ 2019 ж. 1 шілдеден 15 тамыз аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қалалық «Жомарт жүрек» конкурсын жариялайды

Конкурс келесі номинацияларды қамтиды:

«Жыл меценаты»: туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы  жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін;

«Туған өлке»: елді мекендерді аббаттандыруға, саябақтар, алеялар, ескерткіштер, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырған, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларында демеушілік көмек көрсеткені үшін;

«Жыл тұлғасы»: белсенді азаматтық ұстанымы, түрлі бағыттардағы кең ауқымды қайырымдылық қызметі үшін (тек жеке тұлғалар үшін);

«Жылдың үздік ұйымы»: әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және/немесе акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және/немесе қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушілік жасағаны үшін (тек заңды тұлғалар үшін);

«Ерен еріктілік»: волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін.

 

1. КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ

Азаматтарды өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған  белсенді әлеуметтік, қайырымдылық және ерікті іс-шараларға ынталандыру жолымен тұрғындар бойына туған өлкенің, елдің, халықтың тағдырына деген жауапкершілік сезімін нығайту жағдайларын жасау.

 

2. КОНКУРСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ

1 Жерлестеріміздің әлеуметтік белсенділігінің үлгілері;

2 Азаматтық белсенділікті арттыру;

3 Патриотизмді және туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

4 Тұрғындардың өмір сапасын арттыру және елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту;

5 Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық салаларындағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру (реконструкциялау және жаңа әлеуметтік нысандар салу, материалдық ресурстар сатып алу);

6 Қайырымдылық, демеушілік, меценаттықтың барлық формаларын ынталандыру;

7 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасына қатысушылар санын арттыру.

 

3. ӨТІНІМДЕР БЕРУ ТӘРТІБІ

Номинацияларға үміткерлер номинанттар кандидатураларының құжаттар жиынтығын ішкі саясат бөліміне 5 тамызға дейінгі мерзімде тапсырады.

 

4. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Конкурсқа Өскемен қаласы аумағында қайырымдылық іс–шараларын жүзеге асыратын, төмендегі шарттарға сай заңды және жеке тұлғалар қатыса алады:

Негізгі:

1. Қала аумағында қайырымдылық және әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру;

2. Қызметтің әлеуметтік бағытта болуы;

3. Номинацияға сәйкестігі;

4. Ұсынылған құжаттардың толықтығы;

5. Растайтын құжаттардың болуы.

6 Сыйлыққа үміткерлерді жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, заңды тұлғалар, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай–ақ мемлекеттік институттар ұсына алады.

7. Барлық ереже сақталынып толтырылған өтінім және қажетті құжаттар пакетін ұсыну конкурсқа қатысуға негіз болып табылады.

Төмендегілерді көздейтін жобалар қаралмайды:

- коммерциялық пайда алу;

- ғибадатханалар салу және жөндеу;

- мемлекеттік және кәсіптік мерекелерді өткізуге демеушілік көмек.

 

 

5. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ПАКЕТІ

Жеке тұлғалар үшін:

Конкурсқа қатысу жайындағы өтінім (Қосымша);

Үміткердің фотосуреті (JPEG форматы);

Ұсыным немесе өмірбаяны;

Жеке куәлігінің көшірмесі;

Жоба, қайырымдылық қызметі туралы еркін түрдегі ақпараттық хабарлама (көлемі 2 беттен аспауы, компьютерде терілуі, қағаз форматы А4, шрифі Times–14, интервалы 1 болуы тиіс);

Қайырымдылық қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері(алғыс хаттар, БАҚ-та жарияланған материалдар, нысандардың, іс-шаралардың фотосуреттері және т. б.).

 

Заңды тұлғалар үшін:

Қатысушының өтінім –сауалнамасы (Қосымша);

Заңды тұлғаның тіркеу нөмірі;

Логотипі (Corel) және басшының фотосуреті (JPEG);

Қайырымдылық қызметі туралы еркін түрдегі ақпараттық хабарлама (көлемі 3 беттен аспауы, компьютерде терілуі, қағаз форматы А4, шрифті Times-14, интервалы 1 болуы тиіс);

Қайырымдылық қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері(шот-фактуралар, көшірмелері, бұйрықтар);

Қайырымдылық қызметін растайтын өзге де құжаттар (алғыс хаттар, БАҚ-та жарияланған материалдар, фотосуреттер).

Конкурс өткізу барысында байланысатын тұлға туралы деректер (АЖТ, индексі көрсетілген пошталық мекенжайы, факс, e-mail).

 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі мекен-жайға хабарласуға болады: Өскемен қаласы, Чехов к., 33, «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ. Байланыс тел.: 8-7232-26-48-92.

Өтініш формасы