oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

«Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен-жайы: Лопатино аралы, 23, тел. 531559.

Кәсіпорын қаланың коммуналдық шаруашылығы: мемлекеттік автомобиль жолдарын ұстау, спорттық сауықтыру объектілері, мәдениет және демалу саябақтарын пайдалану саласында қызметті жүзеге асырады.

Функционалдық міндеттері: кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметтеріне жалпылай басшылық жасау; барлық құрылымдық бөлімшелердің өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру; қаланың коммуникация, коммуналдық шаруашылығы салалары бойынша кәсіпорынмен қабылданған барлық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. 

Біліктілік талаптары: Білімі жоғары техникалық, экономикалық, қаржы, кәсіпорын саласының бейініне сәйкес басқарушы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы және негізгі бөлімдері), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-ІV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңын, мемлекеттік кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Үміткерлер «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің кадрлар бөліміне келесі құжаттарды: конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме; еркін үлгіде жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттарының көшірмелерін; белгіленген тәртіпте куәландырылған еңбек кітапшасының (ол бар болған жағдайда) немесе еңбек шартының не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардың көшірме үзіндісін; белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынулары қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс. Конкурсты өткізу орны – «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ.

Мекен-жайы бойынша анықтама: ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27, кабинет 203, телефоны: 261816.

«Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Е. Тураров