oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Облыстың дарынды оқушылары 2019 жылдың 23-28 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қ. өткен көлік саласындағы «Nazarbayev Fund Schools Challenge» конкурсның республикалық кезеңіне қатысты

Конкурс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ӨМК бірігіп ұйымдастырылған.

Іс-шара оқушылардың көлік саласына қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ қазақстандық оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыруға және қолдауға бағытталған

Байқаудың қосалқы ұйымдастырушылары Ұлыбританияның ғылым, техника, технология және басқару салаларындағы көшбасшы жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқу орны болып саналатын Крэнфилд франк-британдық ғылыми-зерттеу университеті (Ұлыбритания), сонымен қатар Назарбаев университеті. Байқаудың серіктестері Эйр Астана Ұлттық тасымалдаушысы және «Samruk-Kazyna Trust» КҚ. 

Байқаудың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша ШҚО командасы (Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – лицейдің 10 сынып оқушысы - Рахимбердинов Данияр және Өскемен қаласындағы «Бриг» жеке бизнес-мектебінің 10 сынып оқушысы - Цыбрий Егор) қазылар алқасының алдында жобаларын белсенді қорғап, 2019 жылдың тамыз айында Крэнфилд университетіне (Ұлыбритания) мәдени-таныстыру сапарына жолдама алды.