oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Әлеуметтік көмекші

Өскеменде 800-ден астам зейнеткер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмекші керек. Олар үй шаруасына қолқабыс етеді. Азық-түлік, бірінші қажеттілік тауарлары сатып әкеледі. От жағады, қажет болғанда, отын-суын тасып береді. Ауруханаға апарады. Әлеуметтік көмекке зәру жалғызбасты азаматтар саны жыл санап артпаса, азаяр емес дейді тілшілер сюжеті.Екатерина Николаева – тыл еңбеккері. Соғыс басталғанда небәрі 11 жаста еді. Майдан оның балалық шағына көлеңке түсірді. Тылда ересектермен теңдей жұмыс істеуге мәжбүр етті.Тыл еңбеккері ол кезде Самар ауданындағы Московка ауылында тұрды. Өткен уақытта бала Екатерина көп қиындық көрді. Сондықтан, көз жасы тиылар емес.  Азық-түлік тапшы жылдары  ұнға шөп қосып жеген. Алқаптан шіріп кеткен картопты жинап алып, кептіріп, ұнмен араластырдық дейді.18 жасында еңбек ардагері тағдырдың жазуымен Қазақстанның Шығысына келеді. Осында келгелі шахтаға орналасып, зейнеткерлігіне дейін бір жұмыста істеді.  Бүгінде Екатерина Николаеваның үш немересі, 1 шөбересі және 3 неменесі бар. Өкінішке орай, екі баласы өмірден озды. Егде тартқан жасында майдангер Василий Александрович Николаевты жолықтырды. Өткен жылы тамызда серігі көз жұмды. Қазір қарт ананың денсаулығы сыр беріп жүр. Үйінде жалғыз тұрады. Әлеуметтік қызметші Ғалия Сүлейменованың қарт кісіге көмектесіп жүргеніне бес жыл болыпты. Ғалия Сүлейменова негізінен үй шаруасына болысады. Үй жинайды, азық-түлікке барады, зейнеткерді ауруханаға апарып, алып келеді. Өзінің айтуынша, ардагер бүгінде жақын адамдарының біріне айналды. Көп уақытты бірге өткізеді. «Үлбі» әлеуметтік көмек көрсету орталығы ұйымдастыратын барлық шараларға бірге барады. Әлеуметтік қызметкер - қоғам өміріндегі маңызды мамандық. Бөтеннің жәрдеміне зәру адамдарды  белсенді өмір сүруге ұмтылдырады. Әрдайым жақсылық жасап, жанашыр болатын жандар деп білеміз.

Altai телеарнасы