oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

«Қазақстанның киелі жерлері» балалар сурет көрмесі

Қоғамдық сананы жаңғыртқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тың бастамаларымен халық көңілінен шықты. Ұлттық идея тұрғысында атқарылып жатқан шаралар ауқымды. Соның қатарына облыста киелі орындардың картасы жасалып, археологиялық қазба жұмыстары кең тыныс ала бастағанын қосар ек. Мектеп оқушыларын  туған өлке тарихымен таныстыруда  экскурсиялар мен түрлі тақырыпқа арналған білім сайыстары өтіп келеді. «Қазақстанның киелі жерлері»  атты сурет көрмесі талантты өрендерді бір арнада тоғыстырды.Ұлттық рухты көтерудегі нақты бағыттар айқындалған бағдарлама негізінде облыстың бас кітапханасы ауқымды іс-шараларды жиі өткізеді.  Жастар бойында туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыруда жас зерттеушілер сайысын ұйымдастырды. Байқауға қатысушылар шығармашылық әлеуетін танытты.Кітапхана «Қазақстанның киелі жерлері» деген жас суретшілер көрмесін ұйымдастыра отырып, өлкенің әсем табиғатын жанымен сезінетін оқушылар шығармашылығын шыңдауға үлесін қосып отыр. Жүрекпен жазылған туындылар арасынан үздік еңбектің анықталары, әрине, даусыз, десе де бір жұмыс бір жұмыстан асып түседі деген кітапханашылар пікірімен санаспасқа лаж жоқ.  Жеңістен үмітті жұмыс көп. Қайсыбірі көзің жауын алады. Жаймашуақ жаз күндерін тиімді өткізуде әрі жеткіншектерді жат әдет-қылықтардан сақтандыруда мұндай серпілістің орны бөлек.

Altai телеарнасы