oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

"Мектепке жол"

3 шілде мен 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол"  дәстүрлі жалпыреспубликалық акциясы басталды.

Акцияның мақсаты - аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындыққа материалды және өзге де көмектер көрсету.

«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ қаламыздың барлық азаматтарына, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға атсалысып, өмірдің ауыр жағдайындағы балалар мен отбасыларға көмек көрсетуде қолдан келер үлестерін қосуға шақырады.

Акцияға қосыламын деп тілек білдірушілерге  8/7232/241191телефонына  хабарласуларын сұраймыз.

Барлықтарыңызды акцияға белсене қатысуға шақырамыз!