oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Құрметті қала кәсіпкерлері!

2019 жылы 27 тамызда сағат 14.00-де Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 30 үй мекенжайында, 5-қабаттың конференц-залында («Кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің» ғимараты) интернет-коммерцияның веб-әзірлемесі және отандық тауарлар экспорты саласына қатысты «Интернет-дүкен: оны қалай құру қажет және қандай құралдармен алға жылжытуға болады. Экспорт мектебі» атты ауқымды тегін семинар өтеді.

Семинарда негізгі спикерлер ретінде «1С Битрикс Казахстан», «iLab» өкілдері, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының «Қазпошта» АҚ Экспорт мектебінің спикерлері және т.б. сөз сөйлейді.

 

         Талқыланатын тақырыптар:

-                     жеке интернет-дүкеніңізді қалай жылдам әрі жеңіл ашуға болады?

-                     оған өз клиенттеріңізді қалай тартасыз?

-                     танымал сауда алаңдарында тауарды қалай сатуға болады?

-                     сатып алудың орташа чегын қалай көбейтеміз?

-                     бизнес жұмысының нәтижесін қалай дұрыс өлшеуге болады?

-                     тауарды дәл уақытында  және Қазақстан бойынша қалай жеткізуге болады?

 

Алдын-ала жазылу 262284 телефоны арқылы жүргізіледі.