oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Суға шомылатын апатты орындарды және жағажайларды патрульдеу  

Өскеменде ыстық ауа-райының келуі және суға шомылу маусымына байланысты қаланың адамдары жағажайларға ұмтылады. Демалушылардың қауіпсіздігі мақсатында қаланың төтенше жағдайлар қызметінің мамандары және қаланың өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен жағажайларды патрульдеуді бастады, тұрғындармен белсенді түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Қаланың жағажайларынан басқа басты назарда апатты суға шомылу орындары, құтқарушылармен өрт сөндірушілер демалушылармен әңгімелесулер өткізді және оларға суда өзін ұстау ережелері туралы жаднамалар таратып және балаларды қараудың қажеттілігі жайында әңгімеледі.  Қазір су айдындарда демалып жатқандардың көбіне, қауіпсіздік туралы артық ескерту зиян келтірмейтіні анық, себебі көбі өздерінің қауіпсіздігіне салқын қарайды, тіпті тура су айдынның жағасында алкоголь ішеді.

Бұдан басқа, ШӨАҰҚЖ сүңгуірлерімен мектепке қарасты лагерлерде демалушы балалармен арнайы сабақтар өткізілуде. 

Судағы жаппай демалу орындарындағы күшейтілген рейдттер суға шомылу маусымын ресми түрде жапқанға дейін жүргізілетін болады. Алдағы уақытта құтқарушыларға судағы қауіпсіздік бойынша жаднамаларды таратуға көмекке «Жас Отан» волонтерлері қосылатын болады.  

Өскемен қ. ТЖ Басқармасының ақпараты