oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Құтқарушылар «Алтай» телеарнасының тікелей эфирінде викторина өткізді

Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне арналған, қауіпсіздік айлығы аясында Өскемен қ. ТЖБ құтқарушылары  «Алтай» телеарнасының «Рауан» бағдарламасы көрермендері арасында шұғыл қызметтің номерлері жазылған иістендіргіштерді ойнатуды жүргізді.

Азаматтық қорғау офицерлерінен сыйлық алу үшін, көрермендердің міндеті сұрақтарға дұрыс жауап берумен, қауіпсіздік викторинасына қатысу болды.

ТЖ өкілдерінен тапсырмалар мыналар болды: егерде қар бұрқасынында қалып қойсаң, не істеу керек; алыс жолға шыққанда, автокөлікте не болу керек; автокөліктегі өрттердің себебін атаңыз, тұншықтырғыш газдан қандай қауіп төнетіндігін түсіндіріңіз және тағы басқалар.

Қауіпсіздік сұрағына ең дұрыс жауап бергендер, төтенше жағдайда көмектесетін, телефон номерлерін еске түсіретін сыйлықтарды алды.

Өскемен қ. ТЖБ ақпараты