oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

«Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Өскемен қаласы әкімдігінің «Жаңа Согра» ШЖҚ КМК директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен-жайы: Жаңа Согра кенті, Менделеев көшесі, 13А, тел. 620204.

Кәсіпорын халықты және шаруашылық жүргізетін субъектілерді сумен жабдықтау және су бұру, жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау бойынша елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету саласында қызметті жүзеге асырады.

Функционалдық міндеттері: Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметтеріне жалпылай басшылық жасау; барлық құрылымдық бөлімшелердің, цехтардың, қызметтердің, бөлімдердің өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру; кәсіпорынның перспективасын, стратегиясын және техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму басымдылықтарын анықтайды; кәсіпорынмен қызметті тұтынушылар, мембюджет, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банкті қоса алғанда кредиторлар алдында міндеттемелердің орындалуын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімдердің), индикативті жоспарлар мен бизнес-жоспарлардың көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді; мемлекеттік органдарда, сотта және арбитражда, басқа ұйымдарда кәсіпорынның мүліктік және басқа мүдделерін қорғайды. 

Біліктілік талаптары: Білімі жоғары техникалық немесе инженерлік-экономикалық, кәсіпорын саласына сәйкес басқарушы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы және негізгі бөлімдері), Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-ІV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңын, мемлекеттік кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Үміткерлер «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің кадрлар бөліміне келесі құжаттарды: конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндемені; еркін нысанда жазылған өмірбаянды; білімі туралы құжаттардың көшірмелерін; белгіленген тәртіпте куәландырылған еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелерін; белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынулары қажет.

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынылуы тиіс. Конкурсты өткізу орны – «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ.

 Мекен-жайы бойынша анықтама: ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27, кабинет 203, телефоны: 261816.

«Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Е. Тураров