oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Назар аударыңыз  аукцион!

«Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылғы 28 қазанда және 11 қарашада күні сағат 10.00-де Өскемен қаласы, А.Чехов көшесі, 33 мекенжайы бойынша сауда-саттықтың ағылшын тәсілімен жер учаскесіне жеке меншік құқығын және жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді:

Жер учаскесін мерзімі 6 (алты) жылға жалға алу құқығы:

1.     Көкжал Барақ көшесі, № 4 тұрғын үйдің маңында жеңіл алынатын конструкциялардан жасалған сауда павильонын салу және орналастыру үшін ауданы 0,015 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 400000 тг., жалдау 2501 тг/жыл.

Жер учаскесін мерзімі 10 (он) жылға жалға алу құқығы:

2.     19 тұрғын ауданындағы, 35 позиция көп қабатты тұрғын үйді жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 0,528 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 3300000 тг., жалдау 88045 тг/жыл.

3.     Тюленин көшесі, № 6 тұрғын үйдің маңында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 0,1889 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 800000 тг., жалдау 29093 тг/жыл.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің бастапқы (минималды) бағасынан 5 пайызды құрайды, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

Ауыртпалықтар (шектеулер): Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қазандағы № 266 қаулысымен белгіленген су қорғау аймағының аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимін сақтау; инженерлік коммуникациялардың қорғау аймақтарын сақтау және оларды жөндеу мен қызмет көрсету үшін кедергісіз кіру мүмкіндігін беру; ғимараттардың күрделі құрылысын болдырмау.

Сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізу шарттары:

аукционшы объектінің бастапқы бағасын және бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттыққа қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды да, объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Егер объект бойынша сауда-саттықта қатысушылардың саны екіден кем болмаса, сауда-саттық өткізілді деп есептеледі.

Жер учаскелерін сату шарттары: нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-94-баптарының нормаларына сәйкес пайдалану, объектіні жобалау үшін сәулеттік-жайғастыру тапсырмасын алу, жер салығын уақытылы төлеу (жал төлемі).

Сауда-саттықта анықталған учаскенің құны 50 % мөлшерінде аванстық төлем түрінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 5 (бес) банк күнінен кешіктірілмей төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей енгізілуі тиіс.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін аукционға қатысуға өтініш; тұлғасын куәландыратын құжат; кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат ұсынылуы қажет.

Объектіні сатып алу-сату шарты, жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне меншік немесе жалдау құқығын беру туралы шешімі (ол аукцион аяқталған соң екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады) қабылданған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде жасалады.

Аукционды ұтып алған және сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғаның кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша төленетін төлемдердің есебіне жатады. Кепілдік жарна әр объект бойынша жеке енгізіледі.

Кепілдік жарна «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына енгізіледі: БСН 000440004303, БСК ККМFKZ2A, «ҚР ҚМ-нің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі. Депозит шотының нөмірі: KZ340705034861501006. БК 16, ТМК 171.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, А.Чехов көшесі, 33, № 25 кабинет мекенжайында жүргізіледі және аукцион басталуына 24 (жиырма төрт) сағат қалғанда аяқталады. Қосымша ақпарат пен анықтамалар алу үшін телефон нөмірі: 8 (7232) 26-34-64.