oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Мектепке құтқарушылар келді

Біз өзіміздің балаларымызға қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету үшін күнделікті мұқтаж боламыз. Балалар, өз жас шамасына қарай, өздерін қорғай алмайды. Бұл міндет ата-аналарға және мұғалімдерге, сондай-ақ құтқарушыларға жүктелген. Өрт қауіпсіздігі қағидаларын балаларға үйрету аясында Өскемен қаласының № 38 гимназиясында ТЖБ қызметкерлері арнайы сабақ өткізді. ТЖ қызметі мамандарының пікірі бойынша, егерде бала уақтылы ескерту ақпаратын алатын болса, онда төтенше жағдайларға байланысты болған, көптеген мәселелерді болдырмауға мүмкін.

Өртте өзін қалай дұрыс ұстау керектігін, мектепте және үйде қандай ережелерді сақтау қажеттігін, қандай шұғыл қызметтердің телефондары арқылы көмек сұрап хабарласуға болатынын, бастауыш сыныптардың балалары Өскемен қаласының ТЖБ мамандарынан білді.

Әрине, бастапқы білімді балалар теориялық сабақтарда алады, жасайды, өрт кезіндегі қауіпсіздік шараларын жаттайды. Осы білімдерді жақсы меңгеру үшін осы пән бойынша медиа-кітапханалар үлкен үлес қосады,  онда мұғалімдер көрнекі материалдарды қолданады, алайда осы саладағы мамандар өткізген тәжірибелік сабақтар аса маңызды.

Өткен сабақты бекіту үшін оқушыларға қауіпсіздік қағидалары бар буклеттер мен кітаптар тапсырылды.

Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты