oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Су тасқынына дайындық

Өскемен қаласының әкімінің басшылық етуімен Төтенше жағдайлар басқармасының мамандарының және мүдделі органдардың қатысуымен су тасқыны қауіпті учаскілерді аралау жүргізілді. Аталған жұмыс су тасқынынына қарсы жоспарланған іс-шаралардың тиімділігін бағалауға, сондай-ақ бұрын орындалған жұмысқа бақылау жүргізуге бағытталған.

Өскемен қаласында бүкіл жыл бойы тұратын, саяжайлық бірлестіктерді қосқанда су тасқынына 1965 үй ұшырайтынын еске саламыз. Аралауға қатысқан комиссия Прохладная және Согра аудандарын, Бажов көшесін, сондай-ақ Меновное кентін инспекциялады.

Өскемен қ. ТЖБ ақпараты