oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша ақпарат 

2019 жылғы 23 қазанда қаланың халықты жұмыспен қамту орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Бос жұмыс орындарының өткізу мақсаты: жұмыссыз азаматтар мен жастарға жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. К.С. Баубекова ашты. Жәрмеңкенің қатысушыларына құттықтау сөзді «Алма Стор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі рекрутинг бойынша маманы Н.М. Құрманғалиева айтты.

Барлық жұмысқа орналасуды немесе жұмысын өзгертуді қалайтындар үшін жұмыс орындарын қаланың экономикалық саласының 50 түрлі ұйымдары мен кәсіпорындары ұсынды. Олардың ішінде – мынадай танымал компаниялар: «Казцинк» ЖШС, «Востоквзрывпром» ЖШС, «Айтас-энерго» ЖШС, «Согринская ТЭЦ» ЖШС, «Бипэк Авто» АӨ, «Востокмашзавод» АҚ, «ҮМЗ» АҚ, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ және басқа.

Жұмыс берушілермен 420-дан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Кәсіпорындарға энергетиктің басшысы, механик, жүк тиеушінің машинисті, жүк ілдіруші, технологиялық жабдық жөндеушісі, инженер-энергетик, металл бөлшектерді жинау бойынша слесарь, сатушы, тәрбиеші, жүргізушінің көмекшісі, хореограф, тігінші, автослесарь, күйдіруші, аппаратшы, электрмонтер және т.б.

Жұмыс берушілер бос жұмыс орындары туралы толық ақпаратты ұсынды, жұмысқа үміткерлермен сұхбат жүргізілді, кәсіпорынға толық сұхбат үшін таңдалған үміткерлерді шақырды.

Жәрмеңкеде кеңес беру орталығы жұмыс істейді, барлықтары жұмыспен қамту орталығының мамандарынан жұмысқа орналастыру, қайтадан оқыту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар іс-тәжірибесі бойынша қызықтырған ақпаратты ала алады, қалалық бос жұмыс орындары банкімен танысып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша кеңес ала алды.

Іс-шараның қатысушылары «ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ-нің, ШҚО «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ-ның, ШҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының және т.б өкілдерінен кеңес алды.

Сонымен қатар, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне ШҚО «Жеке сот орындаушыларының аумақтық палатасы», ШҚО әділет департаменті алимент бойынша борыштары бар жұмыссыз борышкерлерді келуін қамтамасыз етумен қатысты.

Әрбір қалаушы «Қалай Электрондық еңбек биржасында түйіндемені дұрыс құру және жариялау», enbek.kz сайтында «Жеке кабинет» ашып, түйіндеме құруға мүмкіндік алды, электрондық еңбек биржасы қызметтерін, кәсіби диагностикадан өтті.

Жұмыс іздеп Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін шамамен 400 адам келді.

Жәрмеңке барысында сұхбаттасуға жұмыс берушілерден 180 адам шақырту алды, 74 адам жұмыс берушілерге түйіндеме қалдырды, мамандық алу бойынша компьютерлік тестілеуден өтті – 45, түйіндеме құруда көмек алды – 18, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша кеңес алды – 68.