oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Баспасөз мәлімдемесі ШҚМУ-да «Адал бол!» студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Адал бол!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы өтіп, қорытындысында салтанатты түрде «Сенім жәшігі» ашылды.

Форум мақсаты адалдық идеологиясын тарату, студенттерді коррупцияға қарсы қозғалысқа қосу болды.

Жиынға ШҚМУ студенттік бірлестіктерінің 120 өкілі қатысты, ұйымдастырушылар – ШҚМУ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  ШҚО бойынша департаменті, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы.

№1 оқу ғимаратында «Сенім жәшігі» ашылды, қонақтарға «Саналы ұрпақ» фронт-кеңсесі, «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығы, №1 оқу ғимараты жанына қойылатын «Таза қолдар» мүсінінің жобасы таныстырылды.

Мүсін идеясы студенттерде ШҚМУ-дың жазғы көшбасшылық, волонтерлық және адалдық мектебінде оқып жүрген кезде пайда болған.

– Мүсін адалдықты, шыншылдықты, абыройды бейнелейді, – дейді құқықтану мамандығының 4 курс студенті, «Саналы ұрпақ» клубының мүшесі Шынар Бауыржанова.

Былтыр ашылған ШҚМУ-дың «Sanaly Urpaq» жобасын іске асыру фронт-кеңсесі туралы оның жетекшісі, заң ғылымының кандидаты, доцент Гульмира Байыркенова айтып берді.

Фронт-кеңсеге «Саналы ұрпақ» клубы, антикоррупциялық технологиялар зертханасы, адалдық мектебі, адалдық дүкені, адалдық кітапханасы енеді. Кеңсе студенттік заң клиникасымен, медиаторлар мектебімен, ШҚМУ-дың психофизиологиялық зертханасымен тығыз жұмыс істейді.

Форумда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы кітаптар көрмесі өтіп, полиграф (өтірік детекторы) құралының жұмысы көрсетілді.

– Форумға университеттің мақсаты бір ең белсенді, дарынды жастары қатысып отыр. Біз сіздерге үміт артамыз, Сіздер еліміздің адамгершілігі мол, адал азаматтары болады деп кәміл сенеміз! Баршаларыңызға табысты жұмыс, сындарлы пікіралмасулар тілеймін! – деді құттықтау сөзінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген. 

Бүгінде ШҚМУ-да 27 клуб, 16 спорттық секция, «Қыран» полицияға көмек көрсету жасағы жұмыс істейді. Студенттердің идеялары өте көп, олардың өз бастамаларын іске асыру мүмкіндігі де бар.

Жиында «Авангард» студенттік театрының негізін қалаушысы, жетекшісі Никита Дерябин, «Саналы ұрпақ» клубының өкілі Темірлан Қамбаров және басқа да студенттер өз істері, жобалары туралы айтып, бейнероликтер көрсетті, сондай-ақ өлеңдер оқып, ән де шырқады.  

Форум соңы патриоттық әнмен, желбіреген тулармен және жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Мәрлен Әбубәкір мен студенттердің «Адал бол, адам бол!» ұранымен аяқталды.

С. Аманжолов  атындағы  ШҚМУ баспасөз қызметі

Фото https://cloud.mail.ru/public/4tNP/m6uNsU8xC