oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Өскемен қаласы әкімдігінің «2019 жылға арналған Өскемен қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттары үшін тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету туралы» қаулы жобасына баспасөз-релиз

«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласы әкімдігінің «2019 жылға арналған Өскемен қаласындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақпен қамтамасыз ету туралы» қаулысының жобасын (бұдан әрі - жоба) дайындады.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексіне 56 бабының 1 тармағының 3 тармақшасына, 6 бабының

4 тармағының 14 тармақшасына «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес әзірленді.

Қаулы Өскемен қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттары үшін тегін тамақтандыру түрінде әлеуметтік көмек ұйымдастыру мақсатында әзірленді.

Жоба 2018 жылғы 25 қазанда «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, сонымен қатар қалалық қоғамдық кенесінің ұсынымдарын алу үшін жіберілген.