oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласында және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтарда салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласында және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтарда салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысының жобасы дайындалды  (бұдан әрі - Жоба).

Қаулының жобасы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының  2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленген.

Қаулының жобасы 2020 жылы жеке тұлғалардан мүлікке салықты аудару үшін салық салу базасын есептеуді қамтамасыз ету мақсатында қабылданады, онда жергілікті атқару органдарымен бекітілген коэффицент қолданылады. 

Қаулының қосымшасында Ахмер ауылында мектептің құрылысының аяқталуына байланысты, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы  22 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген  Аймаққа бөлу коээфицентін есептеу әдістемесіне сәйкес  Ахмер ауылы бойынша түзету коэффиценті 0,15 -ке ұлғайтылды және 0,95 құрады (қаулының  былтырғы редакциясында коэффицент – 0,8). Қалған учаскелер бойынша аймақтандыру коэффиценті өзгертілген жоқ.

Қаулының қосымшасында белгіленген аймақтың шекаларында көшені қайта атауға байланысты  көшенің атаулары өзгертілді:

Тәуелсіздік даңғылы – Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы (әкімдіктің 20.03.2019 жылғы № 87 қаулысы).

Ворошилов көшесі – Шәкәрім даңғылы (әкімдіктің 11.02.2019 жылғы № 27 қаулысы).

Бағалау аймақтарының шекаралары ауыстырылмайды.   

Жоба «Ашық НҚА» порталында орналастырылған және Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесімен талқыланды.