oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Бірыңғай қабылдау күні

2019 жылдың 21 қарашасы күні Өскемен қаласы Полиция басқармасының фронт-кеңсесінде бірыңғай қабылдау күні ұйымдастырылды. Яғни, азаматтардың құқық қорғау органына қатысты барлық сұрақтары бойынша полиция басқармасына келіп, жауап алуларына болады. Кадр саясаты, тергеу, анықтау, көші-қон қызметі, әкімшілік полиция бөлімшелерінің бастықтары сан түрлі сауалдарымен жүгінген келушілерді қабылдады.

-  Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша жұртшылықпен кері  байланысты арттыру мақсатында өткізіліп отырған қабылдау полиция қызметінің оң имиджін қалыптастырады деп сенемін. Мәселен, бүгінгі шара аясында Үржар ауданынан облыс орталығына жұмысқа тұру үшін келген азаматтың жоғалған құжаты қайта қалпына келтірілді. Атқарылып отырған бұл шара келешекте жалғасын таба береді,-деді Өскемен қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Марат Баяндинов.

Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметі.