oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Адам өмірін сақтап қалды

Қараша айының алғашқы аязды түні. Таңғы сағат 5 жарым мөлшерінде «Қыран-74» патрульдік экипажы әдеттегідей өзінің қарамағындағы аумақты аралап келе жатып, жол ортасында жатқан тырдай жалаңаш адамды байқап қалады. Аппақ қарда шалқасынан түсіп жатқан ер адамның өлі немесе тірі екені байқалмайды. Экипаж құрамындағы қос полиция аға лейтенанты Қанат Асылғазин мен Дамир Ауғанбаев дереу көліктерінен түсіп, әлгі адамның тірі екенін білген соң бірден «102» арнасына және жедел жәрдем қызметіне хабарлап үлгереді. Беті-аузы қанға малшынған ер адамның мұндай жағдайға қалай душар болғанын тексеріп жатпастан, аязда үсіп қалмауын ойлаған тәртіп сақшылары дереу көліктеріне отырғызбақ болады. Алайда, ер адам өзіне көмектеспек болған полицейлерге дөрекілік танытып, көлікке отырудан бас тартып, айғайға басады. Қатты тоңған азаматты жылы көліктерінде есін жидырған Қанат Асылғазин пен Дамир Ауғанбаев жедел жәрдем қызметінің қызметкерлеріне табыстайды.

Осылайша, «Қыран-74» патрульдік экипажының инспекторларының қырағы қимылдары мен сауатты әрекетерінің нәтижесінде адам өмірі арашаланды. Қоғамдық тәртіп күзеті мен адам өмірін сақтау жолында жүрген жігіттер бұл ерен істерін өз міндеттері деп есептейді.

Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметі