oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

22 ҚАРАШАДАН «НҰРЛЫ ЖЕР» - «Бақытты отбасы» ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРды ҚАБЫЛДАУ ХАБАРЛАНДЫРЫЛАДЫ

Өскемен қаласының әкімдігі Өскемен қаласындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй сертификаттарын беруге құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.

Тұрғын үй сертификаттарын беру ережелерінің талаптарына сәйкес, тұрғын үй сертификатын алуға келесі кезектегі санаттар өтініш бере алады - көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

2019 жылға 1 миллион теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек түрінде (қайтарымсыз және тегін) тұрғын үй сертификаттарын ұсыну қарастырылған.

Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылы назаңнамада белгіленген айына ең төменгі жалақының 1 (бір) көрсеткішіне наспайтын (2019 жылы – 42500 теңге) соңғы 6 (алты) ай ішінде орташа табысы болған жағдайда (мемлекеттік жәрдемақыларды есепке алмағанда) беріледі.

Тұрғын   үй сертификатын алу үшін мынадай құжаттар қажет:

нысан бойынша өтініш;

өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түп нұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі);

соңғы 6 (алты) ай ішіндегі табысы туралы анықтама;

қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы «Қазақстанның турғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның хаты.

Құжаттар «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй сертификаты бағдарламасының әкімшісіне мына мекен-жай бойынша тапсырылады: Өскемен қаласы, Тургенев көшесі, 30, 302 бөлме (3 қабат).

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары 8/7232/ 21-44-79.

Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы