oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Өскемен қаласы бойынша 2019 жылғы III тоқсандағы жалақы

2019 жылғы III тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда) 179,4 мың теңгені құрады және 2018 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16,7%-ға артты, нақты көріністе 10,6%-ға көтерілді.

Салалық құрылымда ең жоғары жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтеріндегі қызметкерлерде – 262,9 мың теңге байқалды, бұл қала бойынша орташа айлық атаулы жалақыдан  46,5%-ға жоғары, өнеркәсіпте– 248,9 мың теңге (38,7%-ға), қаржылық және сақтандыру қызметінде – 213,96 мың теңге (19,3%-ға), көлік және қоймалау – 190,1 мың теңге (6,0%-ға) байқалды.

Ең төменгі жалақы тұру және тамақтану бойынша қызметкерлерге – 94,7 мың теңгеден (қала бойынша орташа шамадан 47,2%-ға төмен), ақпарат пен байланыста  – 174,3 мың теңге (2,9%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметкерлерге – 103,1 мың теңгеден (42,5%-ға), өнер, ойын-сауық және демалыс қызметкерлеріне – 154,7 мың теңгеден (13,8%-ға), өзге де қызмет түрлерін көрсетуге – 128,9 мың теңгеден (28,1%-ға), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар қызметкерлеріне – 102,8 мың теңгеден (42,7%-ға) келеді.