oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

2019 жылы  Өскеменде «Рухани жаңғыру» жобаларын жүзеге асыру барысы 

Биылғы 2019 жылы Өскеменде «Рухани жаңғыру» жобаларын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. 

Қалада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша құрамында 18 адам бар штаб құрылды. Бағдарламаның әр бағыты бойынша жауапты тұлға бекітілді.

Негізгі арнайы жобалардың бірі «Туған жер» бағдарламасы аясында 30 шара жүзеге асырылды. Оның ішінде әлеуметтік жағынан қорғауды қажет ететін адамдарға қолдау көрсету, инфрақұрылымдық нысандар құрылысы және жөндеу жүргізу, мектептерді заманауи жабдықтау бойынша шаралар бар. Бұл істерге  бюджеттен тыс  6 млн 700 мың теңге қаржы жұмсалды. Қамтылған халық саны  - 91 263 адам.   

Жүргізілген жұмыстардың маңызды бағыттарының тағы бірі «Қазақстанның киелі орындары» арнайы жобасы болды. Бұл жоба бойынша киелі нысандарды ғылыми зерттеп, зерделеуге мүмкіндік туды. Жыл көлемінде осы орайда 20 шара өткізіліп, бюджеттен тыс 500 000 теңге жұмсалды.  Қамтылған халық саны – 20559.  

«Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы бойынша дарынды жастарды анықтап, біріктіруге жағдай жасалды. 2019 жылы жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 1 млн 500 мың теңге және бюджеттен тыс 2 млн теңге қарастырылды. Қамтылған халық саны – 4 290

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» -  бұл ерекше жоба, оған біздің еліміздің дамуына өз үлесін қосқан өскемендіктер қатысты. 273 адамды қамтитын жоспарланған іс-шаралар өткізілді.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» - бұл маңызды зерттеу жобасы бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды дайындауға бағытталған. Өскеменде бұл жобаны іске асыру барысында  мектептердің болашақ түлектері мен студенттерді тартуға ерекше назар аударылды. Барлығы 8 шара өткізіліп, 10 000 аса адам қамтылды. 

Елбасы ұсынған басты стратегиялық бастамалардың бірі – қазақ әліппесін латын әріптеріне көшіру. Өскемен қаласы әкімдігінің Шығыс Қазақстан халқының тілі мен мәдениетін түлету мектебі  «Латын әріптеріне көшудің алғашқы кезеңіндегі оқу-тәжірибелік жұмыстар» жобасын жасады. Оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша жұмыстар жалғасуда. Мектептің мұғалімдер ұжымы филологтардың қашықтықтағы сабақтарына жүйелі түрде қатысады. Сонымен бірге, латын әріптерін үйренуді насихаттау және ақпараттандыру мақсатында лекция, семинар, байқау, акция және сұхбаттық алаңдар түрінде 20 шара өткізілді.  Бұл орайда қамтылған адамдар саны 5800 адамнан асты.

«Мұрағат-2025» арнайы жобасы тарихи деректердің жоғалған фрагменттерін қайта қалпына келтіруге ықпал етті. Жыл көлемінде 340 адамды қамтыған 5 шара өткізілді.   

«Ұлы адамдардың ұлы есімдері» арнайы жобасы бойынша 4 шара өткізіліп, 36000 адам қамтылды. Шараларға қаладағы мектептердің оқушылары белсенді түрде қатысып, әлемдік тарихта іздерін қалдырған ата-баба есімдерін есте сақтауға арналған жобаға өз үлестерін қосты

«Түркі әлемінің түптегі» арнайы жобасы бойынша өткізілген 5 шараға 300 мектеп оқушысы қатысты. Жоба аясында 8-10 сынып оқушылары арасында өлке тарихы туралы ғылыми-тәжірибелік алқалы жиындар өткізілді. Мақсаты – жастардың ұлттық танымын қалыптастыру, түркі әлемінің әлемдік этномәдени тарихын оқып, білуге тарту.   

«Ұлы даланың технологиясы және ежелгі өнер мұражайы» жобасы бойынша 2 шара жүзеге асырылып, 380 оқушы қатысты.