oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулы жобасына  БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысының жобасын (бұдан әрі - жоба) дайындады.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Қаулы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекітуді ұйымдастыру мақсатында әзірленді.

Жоба Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтында орналастырылған, қаулы жобасының мәтіні БАҚ-та жариялау үшін, сондай-ақ жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталына жіберілді.