oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Оқуға ешқашанда кеш емес!

Егер Сіз жұмыссыз қалсаңыз немесе мамандығыңызды ауыстырғыңыз келсе – Сіз «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқи аласыз. ТЕГІН!!!

Халықты жұмыспен қамту орталығы «автомобиль жөндеу бойынша слесарь», «электрқұрылғыларды жөндеу бойынша электрші», «электргаздәнекерлеуші», «ВС1 санатының жүргізушісі», «D санатының жүргізушісі», «жылуэнергетик», «автомобиль кранінің машинисті», «кран машинисті (көпір, мосылық)», «трамвай жүргізушісі», «слесарь–сантехник», «аспаз», «кондитер», «модельер-үлгіші», «бухгалтер» мамандықтары бойынша кадрларды кайта дайындау бойынша қысқа мерзімді курстарға оқыту үшін қабылдау жүргізуде. Оқыту ағымдағы жылғы ақпаннан басталады, сонымен қатар 16759 теңге мөлшерінде шәкіртақы ұсынылады. Үш айлық курстардан өткеннен кейін біліктілікті беру туралы сертификат аласыз. Құжаттарды Өскемен қаласының жұмыспен қамту орталығы, Тургенев көшесі, 30, 305 кабинет бойынша қабылдайды, анықтама телефондары: 8/7232/29-33-67.