oskemen.vko.gov.kz / Новости
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Мектептегі өрт қауіпсіздігі көрмесі

«ҚБМО№29» КММ «Жас құтқарушы» орталығының оқытушылары жүйелі негізде қала мектептеріндегі оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша көптеген жұмыстар жүргізеді.

Өрт сөндіруші және құтқарушы кәсібін насихаттау айлығы аясында өрт қауіпсіздігі бойынша сабақтардың нәтижелері бойынша, өрт сөндіру бөлімдеріне, құтқару топтарына, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт-техникалық орталығына, «№36 орта мектеп» КММ-нің 6.7.8 сынып оқушыларына, Белобородова Ирина Васильевна тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарының жетекшілігімен, өз мектебінде өрт қауіпсіздігі көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге түрлі шығармашылық жұмыстар, суреттер, плакаттар, өрт қалқандары мен автомобильдердің үлгілері қойылды. Аса көрнекті жұмыстарын «Құтқарушылар балалар көзімен» атты музей экспозициясын толықтыру үшін, өрт қауіпсіздігі мұражайына тапсырылады.       

Іс-шаралардың нәтижесінде көптегент оқушылар құтқарушы мамандығына қызығушылық танытып және болашақта ТЖ оқу орындарында білім алуды, өмірлерін осы игі мамандыққа арнайтындығы жоспарлануда.

Сонымен қатар, № 36 мектептің жас құтқарушылар командасы Өскемен қаласындағы мектептердің 6-сынып оқушылары арасында «Жас құтқарушы -2020» кубогы үшін жарыстың бірінші кезеңін жеңіп алғанын атап өткен жөн.

 

«ҚБМО№29» КММ «Жас құтқарушы»  орталығы.