Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Аймұқашев Ерлан Қапарұлы - Өскемен қаласының әкімі

Билiк кұрылымы

"Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімі" ММ

"Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже *.doc 66.0 kB
Өскемен қаласының үкіметтік емес ұйымдарының арасында әлеуметтік маңызды жобалардың байқауы  
"Өскемен қаласы ішкі саясат бөлімі" ММ-нің виртуалды қабылдау бөлмесі  

Өскемен қаласы ішкі саясат бөлімі басшысы - Ошакбаев Ерболат Кумарханович

Ерболат Құмарқанұлы Ошақбаев ШҚО, Марқакөл ауданы Теректі ауылында 1979 жылы 16 қыркүйекте дүниеге келген. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Менеджер – кеденші» мамандығын бітірді. 1996 жылы Марқакөл ауданы, Теректі ауылының мәдениет бөлімінде еңбек жолын бастады. Кейін Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің «Дарын»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының мәдениет және спорт бөлімінде және Өскемен қаласы Құмаш Нұрғалиев атындағы №43 орта мектебінде жұмыс істеді.
2008 жылдан бастап ШҚО ішкі саясат депаратаментінің жастармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлімінде жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап ШҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық-сараптамалық жұмыстар бөлімінің бастығы лауазымында.
2014 жылдан бастап ШҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының балалар мен жастар үкіметтік емес ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы лауазымында.
2015 жылдан бастап Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің қоғамдық-саяси жағдайды талдау және мониторинг, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-әрекет секторында жұмыс істеді.
2015 жылдың 24 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі ММ басшысы қызметін атқаруда.
Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

Тел. 26-89-34
Электр. адрес: vnpolit@akimvko.gov.kz
Әр сәрсенбі сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін және жұма күні сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін

Ұйым құрылымы:

Бөлім басшысының орынбасары - Ануарбекова Динара Еркинбековна Қаладағы ішкі саяси үрдістерді реттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Қаладағы қоғамдық-саяси, этносаяси, діни жағдайларға мониторинг жасау, талдау және болжау, басшылықты осы салаларда болып жатқан үрдістер туралы өз уақытында ақпараттандыру. Тұрғындармен кері байланыс жүйесін жүзеге асыру, қоғамдық пікірді мақсатқа зерделеу, қаладағы жағдайды тұрақсыздандыруға ықпал ететін оқиғаларды болжау. Қаладағы азаматтық бейбітшіікті және ұлттық келісімді сақтау мен нығайту бойынша саяси партиялардың, діни конфессиялар, ұлттық-мәдени орталықтардың іс-әрекеттерін үйлестіру, "Қазақстан 2030" стратегиялық бағдарламаларының бөлім құзіретіне кіретін бөлімдерін жүзеге асыруға бақылау жасау. Кешенді ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу. Қала әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін, шешімдері мен өкімдерін, қалалық әкімдіктің қаулыларын орындауды бақылайды. 26-58-90
Ильясова Жанаргуль Маратовна Бас маман – бас бухгалтер Ильясова Жанаргуль Маратовна Қолданыстағы нұсқауға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу. Жұмыскерлерге еңбекақыны бөлу және өз уақытында төлеу, еңбекақыны шоты бойынша аналитикалық есепті жүргізу. Негізгі құралдар есебін жүргізу, бюджет құралдарын мақсатты пайдалануға бақылау жасау. Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі есеп пен есеп берушілікті жүргізу. Бюджетке міндетті төлемдердің салықтық есеп берушілігін жасау, статистикалық есеп берушілікті жасау. 26-47-68
Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі секторы
-Акрамов Максат Махмутович Сектор меңгерушісі Акрамов Максат Махмутович Мемлекеттік ақпарат саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингінің мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру; мемлекеттік органдардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын медиа-жоспарлау; жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін жариялау бойынша БАҚ-мен мақсатты іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу; журналистердің кәсіптік ұйымдарымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету. 26-72-78
Серикова Жадыра Сериковна Бас маман
Серікова Жадыра Серікқызы
Электронды БАҚ-мен өзара қарым-қатынас жасау. Электронды БАҚ туралы мәліметтер банкін құру, оның өз уақытында толықтырылуы, қажетті ақпараттың тұтынушыларға жедел берілуі. Электронды БАҚ-ң қызметіне олармен заңнаманың қадағалануы үшін есепке алу және мониторинг жүргізу, лицензиялық талаптардың орындалуы. "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" ҚР Заңының 18 бабының орындалуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру. Электронды БАҚ-да ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға бақылау жасау. 26-72-78
Скребцова Александра Михайловна Бас маман - Скребцова Александра Михайловна Қаладағы баспа БАҚ-мен өзара қарым-қатынас жасау. Баспа БАҚ, соның ішінде жарнама және полиграфиялық басылымдар туралы мәліметтер банкін құру жұмысы. Баспа БАҚ-ң қызметіне олармен заңнаманың қадағалануы үшін есепке алу және мониторинг жүргізу, лицензиялық талаптардың орындалуы, "Жарнама туралы" ҚР заңының орындалуына тұрақты бақылау жасауды жүзеге асыру. Баспа БАҚ-да ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты іске асыруға, жазылым науқанын жүргізуге бақылауды жүзеге асыру. БАҚ-мен өзара қарым-қатынас мәселелері жөніндегі үндеулерді қарау. Сайт әкімгері. Мемлекеттік басқару органдарының, қалалық маслихаттың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және қала тұрғындарының ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын жүзеге асырады, Өскемен қаласының ресми Web–сайтына әкімшілік етеді, жаңа модульдерді әзірлейді, ақпараттық материалдарды жинайды және әзірлейді, техникалық атқарушыға дайын құжаттарды береді. Қаланың ресми Web–сайтына келіп түскен электронды пошталық хабарларға әкімгерлік етеді, оларды әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне және қалалық бөлімдерге бөледі, өз уақытында жауап берілуін және өтініш берушіге жіберілуін ұйымдастырады. Қала сайтының қызметіне жүйелі талдау жүргізеді, оның жақсаруы бойынша ұсыныстар әзірдейді. 26-52-58
Қоғамдық-саяси жағдайды талдау және мониторинг, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-әрекет секторы
Калелова Жадыра Ермековна Сектор меңгерушісі
Калелова Жадыра Ермековна
Анализ общественно-политической ситуации в городе, разработка превентивных мер в отношении процессов, способных дестабилизировать обстановку в городе. Взаимосвязь с общественно-политическими объединениями, партиями и движениями, координация их деятельности с целью сохранения и упрочения гражданского мира и общественного согласия в городе. Контроль за реализацией Законов Республики Казахстан «О политических партиях», «О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в РК». Анализ общественно-политической ситуации в городе. Контроль за качественным исполнением служебной документации, а также составления установленной отчетности. Создание банка данных о партиях, движениях. Выявление очагов социальной напряженности и выработка рекомендации по нейтрализации этих процессов. Координирование работы по регулярному проведению круглых столов, заседаний общественных формирований. Осуществление контроля за реализацией стратегической программы « Казахстан-2030» в части, относящейся к внутриполитической стабильности и консолидации общества. Взаимосвязь с руководителями предприятий, учреждений, организаций по привлечению к пропагандистской, массово-политической работы в период подготовки и проведения общегосударственных праздников, акции и компании. Организация работы информационно-пропагандистских групп при Акиме города. Обеспечение организационной и информационной связи с Департаментом внутренней политики Восточно-Казахстанской области, городскими отделами по пропагандистской работе. Рассмотрение письменных и устных обращений граждан по общим вопросам. Обеспечение организационной и информационной связи с Департаментом внутренней политики Восточно-Казахстанской области, Малой Ассамблеей народов Восточного Казахстана, городскими отделами по вопросам общественно-политической ситуации в городе. 26-51-19
Турсимбетов Алибек Лесбекович Бас маман
Турсимбетов Алибек Лесбекович
Қаланың үкіметтік емес ұйымдарымен өзара қарым-қатынас жасау, түрлі мәселелер бойынша ҮЕҰ бірлескен іс-шараларды, оның ішінде семинарларды,конференцияларды дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру , сондай-ақ , қала және облыстағы үкіметтік емес ұйымдармен өткізілген іс-шараларға қатысу. ҮЕҰ, срның ішінде жастар бірлестіктері туралы банкті құру, оның уақтылы толықтырылуы, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін есепке алу және талдау жасау. Жастарарасында болып жатқан үрдістерге талдау жасау, жастар мен балалар ұйымдарының қызметіне, жастардың әлеуметтік маңызы бар бастамаларына басшылық ету және көмек көрсету; "Өскемен қаласындағы жастар және жастар саясаты" бағдарламасының жүзеге асыруға бақылау жасау, жастар ісі жөніндегі Үйлестіруші кеңестің тоқсан сайын өтетін отырыстарына дайындық. 26-58-90
Жумабеков Бауыржан Жумабекович Бас маман
Жумабеков Бауыржан Жумабекович
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының және Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламанысының тиісті тармақтарының орындалуын жүзеге асыру. Қаладағы діни жағдайға талдау жасау. Тиісті Заң шеңберінде құқық бұзушылық жағдайларды анықтау, әкімшілік хаттамалар толтыру. Діни конфессиялармен байланыстар жүргізу. Қала әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің тоқсан сайын өтуін ұйымдастыру. Діни бірлестіктердің қатысуымен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру. Өскемен қаласындағы діни бірлестіктер туралы мәліметтер қорын құру. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды жұмылдыруға қатысты «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралдарды іске асыру. Қала әкімі жанындағы ақпаратттық-насихат тобының жұмысын ұйымдастыру. Өтініштер мен сұрау хаттарды орындау, қызметтік құжаттарды сапалы жүргізу. Қаладағы діни жағдайға талдау жүргізу мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасымен, Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасымен, Шығыс Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясымен, қалалық бөлімдермен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланыстар жүргізу. 26-58-90
Такирова Назгуль Бакыткановна Бас маман
Такирова Назгуль Бакыткановна
Түрлі мәселелер бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу. Облыста және республикада өткізілетін әлеуметтік зерттеулерге қатысу. Қалалықтардың хал-жайы мен саяси бағдарлауына талдау жасау. Әлеуметтік қауырттылық ошағын табу және оларды бейтараптандыру бойынша ұсыныстарды өңдеу. Сайлау науқаны кезінде саяси зерттеулерді ұымдастыру, өткізу. 26-58-90

Бет өзгертілді: 11-04-2017