Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Аймұқашев Ерлан Қапарұлы - Өскемен қаласының әкімі

Билiк кұрылымы

«Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

«Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже *.doc 53 KB

Атаев Алмас Жанаділұлы Алмас Жанаділұлы Атаев - «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
1981 жылдың 24 мамырында ШҚО Өскемен қаласында дүниеге келді.
2002 жылы «Кеден ісі» мамандығы бойынша және 2006 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік универститетін бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы «Керуен Шығыс» ЖШС-ның заңгерінен бастаған.
2011 жылдан бастап ШҚО Ішкі саясат басқармасының әдіскері.
2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемсанэпидқадағалау басқармасының Глубокое ауданы бойынша жетекші маманы.
2011 жылдың қазан айынан бастап ШҚО Мәдениет басқармасының бас маманы.
2012 жылдан бастап ШҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы.
2014 жылдың қазан айынан бастап «Керуен Шығыс» ЖШС заңгері.
2015 жылдан бастап «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы.
2015 жылдың 12 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы.

Дзю-до күресі бойынша Қазақстан Республикасының және халықаралық турнирлардың бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері.
Әлем Кубогінің күміс жүлдегері (Баку қаласы).
XV Азия Ойындарының күміс жүлдегері (Доха қаласы).
Дзю-до күресі бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

Лауазымдық міндеттемесі:
«Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңының сақталуын қамтамасыз ету;
Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асыру;
Бөлім жұмысын жоспарлау;
Күнтізбелік жоспарға сәйкес қалалық байқауларды жүргізуді қамтамасыз ету;
Спортшыларды облыстық байқауларға жіберуді қамтамасыз ету;
Бөлімнің спорттық-бұқаралық және дене шыңықтыру-сауықтандыру шаралары жөніндегі күнтізбелік жоспарын құру;
Кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде дене шынықтыру мен спортты дамытуға бақылауды жүзеге асыру;
Оқу-жаттығу жиындарын өткізуді жүзеге асыру;
Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің құзыры шеңберінде ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындарға әдістемелік басшылық пен бақылауды жүзеге асыру;
Қаладағы дене шынықтыру және спорт даму тұжырымдамасын стратегиясын, бағдарламасын, жоспарын дайындау, бұқаралық спортты жетілдіру және дамыту, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу және спортшылардың шеберлігін жетілдіру мәселелерін шешу.

Қабылдау күндері: әр бейсенбі, сағат 14.30-17.00
Электр. мекен-жайы: sport.otdel@akimvko.gov.kz

«Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ құрылымы

  Лауазымы АЖТ Функциялық міндеттер телефон
Атаев Алмас Жанаділұлы

«Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

Алмас Жанаділұлы Атаев

Дене шынықтыру және спорт бөлімінде басшылық пен ұйымдастыруды қамтамассыз ету. Дене шынықтыру мен спорттың дамуына тұжырымдама, стратегия, бағдарлама мен жоспарды дайындау. Дене шынықтыру мен спорттың даму аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамассыз ету. Жоғарғы сатыға көтерілу және бұқаралық спорттың дамуы, спортсмендердің жоғарғы нәтижелерге жету, спорт шеберлерінің жоғарғы сатыға көтерілу сұрақтары. Дене шынықтыру мен спорт, салауатты өмір салты бойынша ақпараттық-білім беретін және насихат қызметін қамтамассыз ету. Конференция, кеңестер, конкурстар, жарыстар, бұқаралық дене шынықтыру-спорттық шараларды ұйымдастыру және өткізу. Бюджеттік қаражаттарының ұтымды және мақсатты шығындануын қадағалау.

Қабылдау сағаттары: әр бейсенбі, сағат 14.30-17.00
Тел. 710041
a.ataev@akimvko.gov.kz

Атаев Алмас Жанаділұлы

Бұқаралық спортты дамыту және қаржы-әкімшілік жұмысы секторының меңгерушісі

Жанат Бердыбекқызы Ережепова

Сектордың жалпы басшылығын жүзеге асыру. Сорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуді бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды бақылауын жүзеге асыру. Жұмысты басқарады: бухгалтерлік есепке алу шоттарының, бастапқы есеп құжаттар нысандарының жоспарларын дайындау және бекіту бойынша. Түгендеу жүргізу тәртібін қамтамасыз ету бойынша; ішкі бақылау жүйесін, есептік ақпаратты өңдеу технологиясын ұйымдастыру бойынша. Қаржылық, экономикалық талдау өткізу және бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға қатысу. Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс. Ұйымының бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асыру. Қазынашылық-клиент, ЕТБЖ, 1С-Бюджет ақпараттық жүйелердің және есептің қалыптасуымен басқару, ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті бухгалтерлік ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету. Еңбекақы, демалыс, ауырулық беті бойынша есеп құру. Е-Кызмет автоматтандырылған ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде жұмыс істеу. Кіріс хатпен жұмыс істеу. Қала және облыс әкімінің жетекшілік ететін мәселелері бойынша хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың жетекшілік ететін мәселелері бойынша өтініштерімен жұмыс істеу. Жетекшілік ететін саласы бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыруда қатысу. Бөлім қызметшілердің дербес шоттарың жүргізу, ерекшеліктер бойынша ақша қаражаты қажеттілігінің өтінімін беру, сенімхаттарды тіркеу жорналын жүргізу, бөлімнің тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуін өткізу бойынша  комиссиясында қатысу. Түгендеудің тізімін, салыстыру ведомостарын жасау. Алдағы үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімге есептеулер мен негіздемелерді қалыптастыруды жүзеге асыру. Міндеттемелерді қабылдауға  арналған берілген рұқсаттарға, олардың нысаналы мақсатына сәйкес, қаражатты дұрыс және тиімді жұмсаудың бақылауын жүзеге асыру. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің бөлінісінде кассалық және іс жүзіндегі шығыстардың есебін жүргізу. Төлем аудару жөніндегі төлеуге берілетін шоттарға, өтінімдер мен басқа да құжаттарға қол қойып, Қазынашылық органдарында олардың дер кезінде тіркеуін бақылайды. Есеп айырысу шотында қаражат қозғалысы бойынша операцияларды есепке алуды жүргізу. Ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне дебиторлық және кредиторлық қарыздар туралы есеп беру. Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілермен және мердігерлермен өзара есеп айырысулардың салыстыру актілерін қадағалайды және қол қояды. Қызметшілерге уақтылы және дұрыс есептеудің, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақының, демалыстық төлемінің және басқа да төлемдердің төленуін бақылау. Еңбекақыдан төленетін және ұсталатын салықтық есептер қалыптастыру бойынша жұмыстарды, уақтылы салықтық есептердің дайындауын және оларды тіркеу орны бойынша салық органына беру бойынша жұмыстарды бақылау. Салықтардың және басқа да  еңбекақы ұсталымдарының аудару уақыттылығын, есептеудің дұрыстығын және зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың аудару және бухгалтерлік есеп шоттары бойынша тиісті нысанды мемориалды ордерлерінде айналымдар қалыптастыру уақыттылығын бақылау. Еңбекақы төлеу бойынша есептеріне, еңбекақы жүктеу бойынша жеке шоттардың рәсімдеу есеп айырысудың  есептеріне байланысты, есепшоттар бойынша талдамалық есепке алудың бақылауын жүргізеді. Келіп түскен ақшалай қаражаттың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және  негізгі құралдардың (мемлекеттік сатып алу процесінде түсуін қоса алғанда) есепке алуын және олардың жұмсалуын бақылау, сондай-ақ олардың қозғалысымен байланысты операцияларын дер кезінде бухгалтерлік есебінде көрсету. Жалақы қорын жұмсау дұрыстығының, лауазымдық жалақыларды белгілеуінің, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң сақтауды бақылауын жүзеге асыру. Бөліммен бюджеттік және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасын сақталуына тексеру жүргізеді. Бөлімінің есепке алу және есептілік жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылау. Бақылау объектісімен жіберілетін ұсыныстардың, тексеру нәтижелері қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындауын бақылау. Саны және еңбекақы қоры бойынша есепті жасаудың дұрыстығын және статистика органдарына тапсырудың уақыттылығын бақылау. Есеп беретін адамдармен есептерді (іссапар, шаруашылық шығындар) жүргізу. Тауарлық-материалдық құндылықтардың, ақша қаражаттарының, есеп айырысудың және басқа активтер мен пассивтердің түгендеуін жүргізеді, ақшалай қаражаттың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, негізгі қорлардың, есептердің және төлем міндеттемелердің түгендеуін жүргізу белгіленген қағидасы сақталудың, белгіленген мерзімде дебиторлық қарызды өндірудің, төлем тәртібін сақтаудың бақылауын жүзеге асыру. Бекітілген  шығындардың ерекшеліктері бөлінісінде бөлімінің қамтуына қаражат қажеттілігін негіздейді. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалау. Аталған лауазымдық нұсқаулықпен қарастырылған міндеттеріне байланысты жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарды еңгізу. Өз құзыреті шеңберінде сыртқы ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыру. Бағынышты қызметкерлерге қатысты өкім беру және олардың орындалуын бақылау. «Ашық бюджеттер» порталында ақпаратты орналастыру және өзектендіру. Сектор жұмысының айсайынғы жоспарларын дайындау. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізеді. Материалдық-техникалық ресурстарын ұтымды пайдалану. Бөлімге түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарастыруы үшін бақылауды жүзеге асыру.

702229,
zh.erezhepova@akimvko.gov.kz

Сарипова Арайлым Оралбековна

Бұқаралық спортты дамыту және қаржы-әкімшілік жұмысы секторының бас маманы

Арайлым Оралбекқызы Сарыпова

Бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамуын қамтамасыз ету. Жарыстармен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізілуін жүзеге асыру. Жоғары тұрған жарыстарда қаланың құрама командасының  қатысуын қамтамасыз ету. Бөлімінің спорттық-бұқаралық іс-шараларының, оқу-жаттығу жиындарынының күнтізбесін құру, жыл бойы жоғары тұрған жарыстарға қатысу.  Жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадалар ұйымдастыру және өткізуі үшін жауап беру, облыстық халықтық спорт ойындарында қатысу. Қала әкімінің спортшыларды қабылдауын ұйымдастыру. Бөлімінің жұмысы туралы ақпараттық-талдамалық материалдар дайындығын жүзеге асыру. Қаланың мемлекеттік қызметшілері, балалар-жасөспірімдер клубтары  арасында спартакиадалар өткізу үшін, қала сыртындағы жазғы лагерлер және т. б. арасындағы спартакиада үшін жауап беру. Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік қызметтер көрсету. Жыл сайын 2-ФК статистикалық есеп құру. Интеграцияланған автоматтандырылған Е-Қызмет жүйесінде жұмыс істеу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу. Жетекшілік ететін салалар бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыруға қатысу. Жетекшілік ететін салалар бойынша қала және облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындау. Қаласының бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан  аға жаттықтырушылардың жұмысын бақылайды. Бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан құрама командаларының өнер көрсетуіне талдау жүргізеді. Бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан қала құрама командаларын және спорттық резервін дайындау бойынша жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді. Дене шынықтыру дайындығының Президенттік тестілерін енгізу бойынша мемлекеттік, қоғамдық және өзге де ұйымдардың жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру. «Ашық деректер» порталында ақпарат орналастыру және өзектендіру. Спортшыларды іссапарға жіберу, негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың жобаларын рәсімдеу.

211349,
a.saripova@akimvko.gov.kz

Акышева Айнур Алтаевна

Бұқаралық спортты дамыту және қаржы-әкімшілік жұмысы секторының бас маманы

Найля Мансұрқызы Шаймұхаметова

Бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамуын қамтамасыз ету. Жарыстармен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруын және өткізуін жүзеге асыру. Жоғары тұрған жарыстарда қаланың құрама командасының  қатысуын қамтамасыз ету. Бөлімінің спорттық-бұқаралық іс-шараларының, оқу-жаттығу жиындарынының күнтізбесін құру, жоғары тұрған жарыстарда бір жыл ішінде қатысу. Жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадалар ұйымдастыруы және өткізуі үшін жауап беру, облыстық халық спорт ойындарында қатысу. Спортшыларды қала әкімімен тәсілдерін ұйымдастыру. Бөлімінің жұмысы туралы ақпараттық-талдамалық материалдар дайындығын жүзеге асыру. Қала мемлекеттік қызметшілер, балалар-жасөспірімдер клубтар  арасындағы спартакиадалар өткізу үшін, қала сыртындағы жазғы лагерлер және т. б. арасындағы спартакиада үшін жауап беру. Спорттық ғимараттар қабылдауында қатысу, ҚНжЕ-ге сәйкестігіне тексеру. Дене шынықтыру және спорт саласындағы аумақты дамыту бағдарламасы бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау. Интеграцияланған автоматтандырылған Е-Қызмет жүйесінде жұмыс істеу. Бөлімнің ақпараттық қауіпсіздігіүшінжауап беру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу. Кіріс хатпен жұмыс істеу. Жетекшілік ететін салалар бойынша қала және облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындау. Жетекшілік ететін салалар бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыруға қатысу.

211349,
n.shaimukhametova@akimvko.gov.kz

Акышева Айнур Алтаевна

Бұқаралық спортты дамыту және қаржы-әкімшілік жұмысы секторының бас маманы

Айнұр Алтайқызы Ақышева

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді оқыту бойынша үйірме жұмысын ұйымдастырады. Кадрлық жұмысты қамтамасыз ету. Еңбек заңнамасына және мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес жұмыскерлердің қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату  бойынша құжаттарды рәсімдеу,  жеке құрам бойынша бұйрықтар жүргізу. Кадр бойынша айлық, тоқсандық және жылдық есептер дайындау және тапсыру, мемлекеттік қызметшілерге қызметтік тізімдерді дайындау. Ықпалдастырылған Е-Кызмет ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды жүргізу. Қала және облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қала және облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақталуын бақылау. Қызметкерлердің жеке құрам бойынша бұйрықтардың жобаларын рәсімдеу. Қызметкерлердің дербес істерін, қызметтік тізімдерін жүргізу, жұмысшылардың, ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының еңбек кітапшаларына жазбалар енгізу. Мемлекеттік қызмет өтілін және қызметкерлердің  еңбек сіңірген жылдарын есептеу. Азаматтық қызметшілермен, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен еңбек шарттарын әзірлеу, рәсімдеу және жасалған мерзімдерінің есебін жүргізу. Бөлім қызметкерлерінің жұмыс уақыты тәбілін жүргізеді. Бөлім қызметкерлерінің  жұмыс орындарында қатысуының күнделікті есебін жүргізу. Еңбек тәртібі бойынша  есеп берудің (апта сайын, ай сайын), қызметкерлердің қатысуын талдаудың (жұмыстан қалу, жұмысқа кешігу сандары, ауруға байланысты немесе себепсіз болмауы) дайындығын жүргізу. Бөлім қызметшілерінің еңбек демалысына шығу кестесін жасау және қызметтік іс-сапарға жіберу, еңбек демалыста болуы бойынша талдау ұсыну. Бөлім қызметшілерінің санынан әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың есебін жүргізу. Мемлекеттік лауазымдар санаттарына  біліктілік талаптарын, бөлім қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын талдау, рәсімдеу және келісу. Кадр резерві бойынша жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру және кадрларды қайта даярлау бойынша іс-шаралар өткізу, тағылымдамалармен кадрлардың оқуын ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын бақылау. Мемлекеттік қызметшілермен жазбаша түрде заңмен белгіленген шектеулерді қабылдау туралы келісімді тіркеу (өзіне қабылдаған шектеулерді бұзу жағдайда құқықтық салдары туралы таныстырады. Бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының аттестациядан өтуін ұйымдастыру. Белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарын, құрметті мадақтамаларын және алғыстарын  беруге құжаттарды дайындау. Қызметшілерді  марапаттау бойынша ұсыныстар дайындау және бөлім қызметшілерін құрметті мадақтамалармен және бөлімінің алғыс хатымен  марапаттау бойынша бөлім актілерін рәсімдеу. Уәкілетті органға ұсыну үшін бос лауазымдар тізімін, бос лауазымдар бойынша өтінімдердің толтыруын және қажетті өзге де ақпаратты дайындау.  Кадрлар жұмысы мәселелері бойынша хаттар мен ақпараттар дайындау. Кадрлық жұмыс бойынша іс-қағаздарын жүргізу. Әдістемелік нұсқау және ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадрлар жөніндегі мамандардың жұмысын  үйлестіру. «Ашық нормативтік құқықтық актілер»порталында ақпаратты орналастыру және өзектендіру.

211349,
a.akysheva@akimvko.gov.kz

Қайырғазина Жадыра Қайырғазықызы

Бұқаралық спортты дамыту және қаржы-әкімшілік жұмысы секторының бас маманының міндетін атқарушы

Жадыра Қайырғазықызы Қайырғазина

Бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамуын қамтамасыз ету. Жарыстармен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруын және өткізуін жүзеге асыру. Жоғары тұрған жарыстарда қаланың құрама командасының  қатысуын қамтамасыз ету. Бөлімінің спорттық-бұқаралық іс-шараларының , оқу-жаттығу жиындарынының күнтізбесін құру, жоғары тұрған жарыстарда бір жыл ішінде қатысу. Жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадалар ұйымдастыруы және өткізуі үшін жауап беру, облыстық халық спорт ойындарында қатысу. Дене шынықтыру және спорт қызметкерлерді ынталандыруға және марапаттауға арналған құжаттарын ресімдеуінде  қатысу. Бөлімінің жұмысы туралы ақпараттық-талдамалық материалдар дайындығын жүзеге асыру. Қаланың мемлекеттік қызметшілер, балалар-жасөспірімдер клубтар  арасындағы спартакиадалар өткізу үшін, қала сыртындағы жазғы лагерлер және т. б. арасындағы спартакиада үшін жауап беру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарттар жасау. Жетекшілік ететін салалар бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыруға қатысу. «Ашық бюджет» порталында ақпарат орналастыру және өзектендіру.

211349, Zh.kaiyrgazina@akimvko.gov.kz

 

Бет өзгертілді: 21-04-2017